Әскер • 25 Мамыр, 2023
Әскерилер де аналар кеңесіне зәру
Әскерде өз ісіне адал офицер неғұрлым көп болса, олардың мәртебесі соғұрлым жоғары болмақ. Бұл туралы Жаркент қаласындағы 74261 әскери бөліміне барғаннан кейін «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша өкілі Татьяна Тропина әлеуметтік желіге жазба қалдырды.
Жұмыс • 25 Мамыр, 2023
Жәрмеңке жұмыссыздықты азайта ма?
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, бүгінде 453,5 мың отандасымыз жұмыссыз жүр. Оның 4,1 пайызы – 15 пен 34 жас аралығындағы азаматтар. Ал оқуға да, жұмыс істеуге де құлықсыз NEET санатындағылар саны 422 мыңға жеткен. Бұл елімізде себепсіз сенделген жастардың саны өскенін көрсетеді. Осы орайда Астанада жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Тұлға • 25 Мамыр, 2023
Жазушы Шерхан Мұртаза «Иірсу – Ақсу-Жабағылы қорығының солтүстік-шығыс қақпасы» деп жазды. Ал Дәубаба болса – осы қорықтың оңтүстік-батыс қақпасы.
Төтенше жағдай • 25 Мамыр, 2023
Абай облысының аумағында үш тәулік бойы үздіксіз лапылдаған қызыл жалынның беті қайтар түрі жоқ. Өзіміздегі және көршілес өңірлерден жеткен барлық қызмет барын салып арпалысып жатқанымен Ресейдің Алтай өлкесінен басталған өрттің өшуі оңайға соқпай тұр. Соған байланысты кеше Бородулиха ауданында төтенше жағдай жариялануға тиіс болатын. Кешегі күнгі мәлімет бойынша тілсіз жау «жалмаған» аумақтың көлемі – 3,5 мың гектарға жетті. Жергілікті билік өкілдерінің сөзіне сенсек, тілсіз жаумен әлі де арпалысуға тура келетін сияқты. Өйткені күн райы бізге көмектеспей тұр.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2023
Облыста маңызды жобалар іске асады
Өркендеген өңірді әлеуметтік-экономикалық ахуалына қарап танимыз. Сондықтан әр облыстың халқы географиялық аумағына, табиғатына қарай қолдан келетін шаруамен айналысқан тиімдірек. Мысалы, аграрлы аймақ саналатын Жамбыл облысы үшін ағын су, жайылым, егістік мәселесін бірінші кезекте реттеген дұрыс. Бұл бағыттағы жұмыстарды, жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жөнінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында кеңінен баяндады.