Экономика • 27 Мамыр, 2021
Ұлттық валютамыздың дизайны арагідік өзгеріп отыратыны белгілі. Бұл – жалған ақша жасаушылардың жолын кесу мақсатында да енгізілетін тәсіл. Бүгінге дейін төл теңгеміздің сыртқы безендірілуі төрт рет өзгеріпті. Сонда да алаяқтар қолдан ақша жасауды қоймай келеді. 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктер барлығы 760 950 сомадағы 237 жалған ақша белгісін (236 банкнот және 1 монета) анықтаған. Ал былтыр осы кезеңде 226 банкнот табылған болатын.
Қоғам • 27 Мамыр, 2021
Либерализм – демократия емес Ол – либералдық демократия
1993 жылы құрылған Еуропалық одақтың басты құндылықтарына адамның қадір-қасиеті мен құқықтары, азаттық, халық билігі, яғни демократия, теңдік пен құқықтық мемлекет жатқызылды. 2009 жылғы Лиссабон келісіміне сәйкес бұлар жалпыазаматтық құқықтармен қатар саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтар сияқты құндылықтармен ресми түрде толықтырылды.
Экология • 27 Мамыр, 2021
«Жасыл экономикаға» көшудің тұжырымдамасы талқыланды
2013 жылдың 30 мамырында елімізде мемлекеттің инновациялық іскерлігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы» бекітілгені белгілі. Осыған байланысты Елбасы кітапханасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл экономика бойынша іс-әрекеттер серіктестігі» (PAGE) атты БҰҰ бағдарламасымен бірлесіп, «Жасыл экономика – Қазақстанның инновациялық және тұрақты дамуының парадигмасы» дөңгелек үстел жиынын өткізді.
Тәуелсіздік • 27 Мамыр, 2021
Балбырған бейтін күн, тамылжыған тыныштық. Басқа қызықтың бәрін былай қойып, осынау бір тамаша тіршілік үшін тірі болғың келеді. Осы мерейлі сәтті мәңгі сақтап қалу үшін қып-қызыл қан емес, мөп-мөлдір моншақ тер төгуге көңіл құштар. Егер, әлдеқалай тер емес, қан төгу қажет болса, оның өзін осындай шуақты күндердің бетіне сызат түспеуі үшін ғана төгер едік. Заманды адамның, адамды заманның жаңғыртып, құбылтып жатқан шағында азаттықтың ауасымен еркін тыныстап, ертеңгі ғұмырына қуанышпен қарайтын іргесі бекем мемлекетке айналдық. Азаттыққа аңсап жеткен еліміз егемендіктің бесігінде еркін тербелуде. Ендігі бағытымыз жасампаз ұлт ретінде жарық әлемнің жазбасына жаңа тарихымызды енгізу.
Қоғам • 27 Мамыр, 2021
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева онлайн-форматта халыққа есеп беру кездесуін өткізіп, жүзеге асырылған жобалар, бір жыл көлемінде атқарылған жұмыстар мен министрліктің негізгі міндеттері туралы баяндады.