Қоғам • 06 Мамыр, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен үлгілі қызметі, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтудағы ісіне адалдығы үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасарлары Олжас Бектенов пен Шыңғыс Қабдулаға 3-санаттағы жоғары біліктілік сыныптары берілді. Алик Шпекбаев Президенттің тапсырмасы бойынша Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндерін мерекелеуге арналған салтанатты жиында оларға генерал погондарын табыстады.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2020
Шымкенттен Мақтааралға 10 су сорғыш техника көмекке жіберілді
Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге шымкенттіктер де көмек көрсетуде. Соңғы мәліметтер бойынша, Шымкенттен Мақтааралға қосымша 10 су сорғыш техникасы жіберілді.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2020
Түркістан: Мақтааралда ауылдарды басқан су деңгейі төмендеді
Ресми мәліметтер бойынша, Мақтаарал ауданындағы су деңгейі кешегі күнмен салыстырғанда төмендей бастаған. Атап айтқанда, Жеңіс және Жантақсай ауылдарында су – 14 , Жаңатұрмыс елді мекенінде – 17, Өргебас ауылының кіре берісінде 11, К-15-9 А каналының маңында – 13, ал Арай елді мекенінің көпірі алдындағы су деңгейі 6 сантиметрге азайды.
Әлем • 06 Мамыр, 2020
Өзбекстан президенті Мақтааралдағы апат салдарын жоюға көмектесетінін айтты
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Сырдария облысындағы су қоймасы бөгетінің бұзылуынан су басқан Қазақстанның Түркістан облысындағы елді мекендерде апат салдарын жоюға қажетті көмек беруге дайын екенін білдірді.
Экология • 06 Мамыр, 2020
Елімізде киіктер төлдей бастады
Қазақ даласында киіктер төлдей бастады. Бұл жөнінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет әлеуметтік парақшасында хабарлап, құралайлардың суретімен бөлісті.