Коронавирус • 06 Мамыр, 2020
Қостанайда студент қыздан COVID-19 вирусы анықталды
Қостанай қаласында індет жұқтырған тағы бір науқас тіркелді. Өңірлік жедел ақпарат штабының хабарлауынша, Ресейде білім алып жатқан 17 Қазақстан азаматы таяуда елге оралған.
Тағайындау • 06 Мамыр, 2020
Қызылорда облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Қызылорда облысы әкімінің өкімімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Оспанов Жақсылық Әбдімәлікұлы тағайындалды.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында ірі жобалардың жоқтығы негізгі мәселелердің бірі
Бүгінгі таңда Жамбыл облысы үшін жұмыс орындарын тез арада құру, азаматтарды қайта даярлау жүйесін жолға қою және «Бастау Бизнес» бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану күн тәртібіндегі мәселенің бірі. Бұл мақсаттарға қол жеткізуге «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы мен 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың өңірлік жол картасы арқылы қол жеткізілмек. Облыстық әкімдікте өткен жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков оның жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2020
Түркістан облысының полицейлері су ортасында қалып қойған екі тұрғынды құтқарды
Фирдоуси ауылындағы ферма аумағынан шыға алмай, судың бел ортасында қалған тұрғындар тәртіп сақшыларына хабарласып, көмек сұрапты. Осы аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы жедел қимылдап, еріктілермен бірге оқиға орнына қайықпен жеткен.
Қоғам • 06 Мамыр, 2020
«Жасыл Ел» мен «Coca-Cola» еріктілер клубы бірігіп ҰОС ардагерлеріне көмек көрсетіп шықты
Алматы қаласының Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының қолдауымен «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының қатысушылары мен «Coca-Cola Almaty Bottlers» БК ЖШС еріктілер клубының мүшелері ҰОС ардагерлері мен тыл қайраткерлеріне азық-түлік себеттерін таратып шықты.