Қоғам • 06 Мамыр, 2020

«Жасыл Ел» мен «Coca-Cola» еріктілер клубы бірігіп ҰОС ардагерлеріне көмек көрсетіп шықты

487 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының қолдауымен «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының қатысушылары мен «Coca-Cola Almaty Bottlers» БК ЖШС еріктілер клубының мүшелері ҰОС ардагерлері мен тыл қайраткерлеріне азық-түлік себеттерін таратып шықты.

«Жасыл Ел» мен «Coca-Cola» еріктілер клубы бірігіп ҰОС ардагерлеріне көмек көрсетіп шықты

«Біз еріктілердің жедел штабы құрамында жұмыс істейтіндіктен, халықтың сенім телефонына қоңырау шалып, көмек сұрап жатқанын білеміз. Қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз. Алайда, кейде бізге жүрегі жомарт жандар қоңырау шалып, көмектесуге дайын екенін білдіреді. Мысалы, CCI Kazakhstan қызметкерлері, дәлірек айтсақ компанияның еріктілер клубының мүшелері бізбен хабарласып, ҰОС ардагерлеріне азық-түлік себетерін жинап, жеткізуде өз көмегін ұсынған кезде біз қуанып қалдық. Бұл мемлекет пен ірі бизнес өкілдерінің қоғам мүддесі үшін бірлесе күш салуға дайын екендігінің мысалы», – деді Алматы қаласының Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекшісі Алма Ауғанбаева.

«Бизнесті жүргізе отырып, біз серіктестеріміз бен тұтынушыларымыз үшін, Қазақстан қоғамы мен компанияда жұмыс істейтін адамдар үшін құндылықтар құру қағидатына негізделеміз. Өз қызметкерлеріміз бен олардың бастамаларын қолдау – CCI Kazakhstan-ның негізгі бизнес-стратегиясының бірі. Біздің әріптестеріміз ардагерлерге көмектесуге ниет білдіріп, басшылықтың қолдауымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының бағдарламасына қатысқаны үшін біз өте қуаныштымыз. Біз әрқашан да өз қызметкерлеріміздің осындай бастамасын қолдауға ұмтыламыз», – деді CCI Kazakhstan Корпоративтік және реттеу қатынастары жөніндегі директоры Әлима Исембаева.

4

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының бастамалары мен іс-шаралары Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму департаментінің және серіктестердің қолдауымен жүзеге асырылады. Алма Құрманқызының айтуынша, төтенше және карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты биылғы маусымның басталуы номиналды түрде жүргізілді, яғни жоба қатысушылары дәстүрлі жиын және сапқа тұру рәсімін өткізген жоқ. Қазір алғашқы еңбек жасағы жұмысын бастап кетті. Әрі қарай, карантин алынған сайын, ұйым өз жұмысын белсенді түрде жалғастыратын болады: экологиялық акциялар өткізеді, тұрғындарды табиғатты қорғау туралы хабардар етеді, аулаларды абаттандырады және т.б. «Жасыл Ел» жасақтары коммуналдық қызмет емес, олар табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға ұмтылған еріктілер.

Қор осындай іс-шараларды жыл сайын ішкі кесте бойынша өткізеді. Ардагерлерге көмек көрсетіледі, мұқтаж жандарға, атап айтқанда төсек тартып жатқан адамдарға атаулы көмек беріледі, олардың үйлері мен аулалары тазартылады. Сондай-ақ, «Жасыл Елден» басқа «Патриот» әлеуметтік модулі әзірленген. Оның аясында ардагерлерге тұрмыстың көмек көрсетіліп қана қоймай, оларға әлеуметтік қарым-қатынас аясында қолдау көрсетіледі.