Медицина • 26 Мамыр, 2017
Үшінші жаңғыру елімізді жаңа деңгейге көтереді
Астанада отандық сарапшылар мен ғалымдардың қатысуымен еліміздегі Үшінші жаңғырудың жүзеге асырылуын талқылауға арналған «Жаңғырту 3.0. Тәсілдер мен шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) ұйымдастырды.
Қазақтың әзелден ардақ тұтып қастерлейтін қасиетті ата құндылықтарының арасында Ер мен Жердің алатын орны ерекше. Ер қашанда туып-өскен жеріне тартып туады. Осы бір жайды «Тау баласы тауға қарап өседі» деп жырлаған тұма жырлы Тұманбай Молдағалиевтай ақын ағамыз да кезінде жақсы аңдатқан еді. Себебі, ер жерге кіндігімен байланады, туған жерінің барша қадір-қасиетін тұла бойына сіңіріп, көкірегіне құйып, соған бүкіл жан-жүрегімен ізгілік қайнарына бас қойғандай сусындап өседі. Осылайша туған жер алдындағы перзенттік парыз жүгі салмақтана бермек, туған жерге деген перзенттік ыстық ілтипат пен махаббат тұрпаттанып толағайлана түспек.
Руханият • 26 Мамыр, 2017
Дәуірлер мен замандар ауысса да, сан қилы қоғамдық жүйелер алмасса да, қара тастың өзін кеміріп жоқ ететін уақыт пен кеңістік сапырылысса да, өлшемі кеміп өзгермейтін, мыңқ етіп мызғымайтын, бояуы оңғанымен ішкі нәрі құлпырып қайта түлей беретін, халыққа сарқылмас өзен-өмірдің мәңгі сарынын жалғайтын рухани жауһар құндылықтар, мәйекті мәдени игіліктер болады. Мұндай баға жетпес ақыл-ой қазыналары жекелеген халықтарды ғана емес, тұтас адамзатты, бір өңір ғана емес, орасан кеңістікті өркениет бесігінде тербетіп, ұшы-қиыры жоқ салқар уақыттың қоңыраулы рәмізіндей алыс ғасырлардан күмбірлеп үн қатып тұрады. Адам-қоғам-табиғаттың ілгері жылжыған осынау ішкі үнінің дабысын естіп, нәзік ырғағына зер салып, тамыр бүлкілін жүрек лүпіліне үйлестіріп, айналасын таңғажайып әсерге бөлей алатын қайталанбас тұлғалар болады. Мұндай дарабоз жандар ұлттық ой-сананы жаңа белеске көтеріп, тұтас бір халықтың интеллектуалдық өресін өрісті көкжиекке жетелей береді.
Әдебиет • 26 Мамыр, 2017
Медицина • 26 Мамыр, 2017
Жаңа стандарттағы Елтаңба таныстырылды
Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан Елтаңбасы: қалыптасу тарихы және оның қоғам санасын жаңғыртудағы рөлі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының жаңа стандарттағы Мемлекеттік елтаңбасы таныстырылды. Шара белгілі сәулетші, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің профессоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы авторларының бірі Жандарбек МӘЛІБЕКОВТІҢ 75 жасқа толу мерейтойына арналды.