Пікір • 28 Мамыр, 2020
Ұлттық кеңес мүшесі: Ұлттық мектептің үлгісі қажет
Еліміздің білім беру саласында жүріп жатқан өзгерістер негізінен халықаралық талаптарды ескеріп, нақты ғылымдар мен технология, ағылшын тілін оқыту секілді бағыттарға басымдық берді. Сөзсіз, бұл өте маңызды және қажет.
Экономика • 28 Мамыр, 2020
Өнім нарыққа делдалсыз шығарылса Шымкенттік шаруалар үшін өткен жыл жемісті болды. Ауылшаруашылық өнімінің көлемі 29,5 млрд теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 6,3 пайызға артты. Оның ішінде, мал шаруашылығы 19,4 млрд теңге, егін шаруашылығы 9,4 млрд теңгені құрады. Мал шаруашылығында ет өнімінің көлемі 24,6 пайызға, сүт өндірісі 1,3 пайызға артты.
Абай • 28 Мамыр, 2020
Әрбір халықтың ұлт болып, қалыпты өмір сүруі, дамуы үшін оның өміршеңдігін қамтамасыз ететін рухани ұстындар, тіреуіштер керек. Онсыз қазіргі жаһандану заманында ұлттың ұлт болып өмір сүруі қиын болып бара жатыр. Ұлттық құндылықтарымен өмір сүріп, ұлттық болмысын сақтай білген халықтар ғана ұлт болып, мемлекет болып өмір сүріп жатқан жайы бар. Мысалы, қытайлар Конфуцийді, өзбектер Науаиды, түрікмендер Мақтымқұлыны, қырғыздар «Манас», якуттар «Олонхо» жырларын ұлттық идеологиясының негізі етіп алған.
Қоғам • 28 Мамыр, 2020
Баянауылдың туризмі – табиғатын сақтаумен маңызды
Төтенше жағдай, індеттің таралуынан халықаралық туристік бағыттардың азаюына орай осы жазда өңіріміз туристерді қабылдауға дайындалуда. Алдын ала есептеу бойынша Баянауыл ұлттық паркінің курорттық аймағы 300 мыңға жуық туристі күтуде.
Тарих • 28 Мамыр, 2020
Тұрар Рысқұлов тәлім алған мектеп
Қазақтың қайраткер перзенті Тұрар Рысқұловтың қилы тағдыры туралы толғанғанда, оның Меркі орыс-түземдік бастауыш мектебінде оқығанын айналып өте алмаймыз. Әділетсіздікке төзбеген әкесі Рысқұлдың Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіріп, сол үшін Верный түрмесіне қамалғанда жанына бала Тұрарды алдыртқаны тарихтан белгілі. «Түрме баласы» атанған жас Тұрар абақты ауласын сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. 1906 жылы Рысқұл Сахалинге жер аударылған соң Тұрар Меркіге келіп, «Қырғызбаев» деген тек алып, нағашыларының қолында оқиды.