Еліміздің білім беру саласында жүріп жатқан өзгерістер негізінен халықаралық талаптарды ескеріп, нақты ғылымдар мен технология, ағылшын тілін оқыту секілді бағыттарға басымдық берді. Сөзсіз, бұл өте маңызды және қажет.

Дегенмен де білім берудің баршаға ортақ стандарттары, халықаралық ұйымдардың PISA секілді білім сапасын ортақ бағалау құралдары және ол ұйымдардың ақыл-кеңестері сайып келгенде әлемдік нарыққа әмбебап маман даярлауға, Қазақстан секілді елдердің қабілетті балаларын дамыған елдерге тартуға, жалпы алғанда әлем азаматтарын тәрбиелеуге бағытталғаны айдан анық. Әлем азаматы рухында білім мен тәрбие алған бала Қазақстанның нағыз жанашыр азаматы болып өсуі екіталай. Сондықтан Қазақстанға ұлттық мектептің үлгісі қажет. Нақты ғылымдар, технология және ағылшын тілімен қатар, тіпті одан бұрын қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстанның тарихы мен өлкетануы, ұлт өнері мен дәстүрін озық әдістеме негізінде жаңаша оқытатын, сол арқылы әлем азаматы емес, бірақ әлемнен хабары бар Қазақстанның азаматын тәрбиелейтін ұлт мектебінің үлгісін жасаған жөн.
Екіншіден, білім берудің сапасын арттырып, әрі оны бар аймақта қолжетімді ету үшін қашықтан және онлайн оқыту технологияларын жүйелі түрде және кеңінен енгізу сұранып тұр. Әсіресе, өткен бірнеше айдағы, жаһандық карантин салдарынан жаппай қашықтан оқуға көшу бұл әдістің зор мүмкіндіктерін көрсетті. Әрине, мектеп, колледж және жоғары оқу орындарын толықтай онлайнға өткізу міндеті тұрған жоқ, ол мүмкін де емес. Дегенмен әр оқушының жеке қабілеті мен мүмкіндіктерін ескере алатын, сол арқылы оқытудың тиімділігін арттыратын технологияларды білім беруге қазірдің өзінде енгізуге болады. Ол үшін алдымен қашықтан немесе онлайн оқытуды Қазақстанда ресми түрде танылған білім беру формасының қатарына қосып, оны білім туралы заңға кіргізу қажет. Қашықтан оқыту технологиясын қолданатын оқу орындарына қойылатын әдістемелік және технологиялық талаптарды айқындап, оларға бөлек лицензия берген абзал.
Үшіншіден, тағы бір назар аударғым келетін мәселе балалардың жан саулығына қатысты. Атап айтсақ, мектеп оқушылары арасындағы суицид, яғни өзіне қол салу жиілігі. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан – дүние жүзіндегі жағдайы ең нашар елдердің қатарында. Жыл сайын 170-тен аса қазақстандық жасөспірім өздерін өмірден айырады. Мамандардың есебінше, аяқталмаған және түрлі себеппен тіркелмеген суицидке талпыныс саны бұдан 20 есе көп. Елімізде осы мәселеге қатысты ортақ бағдарлама, не бірыңғай әдістеме әлі қабылданған жоқ. Біз өз тарапымыздан білікті қазақстандық және беделді халықаралық психолог мамандарды жұмылдырып, «Денсаулық және өмір дағдылары» атты арнайы бағдарлама дайындадық. Ондағы амалдар мен әдістер бірнеше аймақта сынақтан өтті. Қажет болса, бағдарламаны тиісті министрлікке тапсыруға дайынбыз.
Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ,
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесің мүшесі,
«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры
• Бүгін, 08:14
Көрнекі ақпарат қатесіз жазылуы тиіс
Парламент • Бүгін, 08:12
Жоғымызды іздейтін жанашырларымыз бар
Қазақстан • Бүгін, 08:10
Қазақстан • Бүгін, 08:09
Қоғам • Бүгін, 08:05
Елбасы • Бүгін, 08:04
Елбасы • Бүгін, 08:01
Мықты мәдениет – руханият қайнары
Аймақтар • Бүгін, 08:00
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда су тасқыны кезеңіне дайындық барысы хабарланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар