Фото: Polisia.kz
Suncar Smart Qorgau автоматты жүйесі арқылы облыс орталығының көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты арттырған жүргізушісі тоқтатылған.
«Орал ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушіні ұстады. Тексеру кезінде оның 53 рет жол ережесін бұзғаны анықталды. Құқық бұзушы 2003 жылы туған Орал тұрғыны екені белгілі болды», делінген хабарламада.
Жас жігітке салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1 миллион 300 мың теңгені құрайды.
Бүгінде құқық бұзушының көлігі арнайы автотұраққа қойылған.