Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Қостанайда армениялық көлік жол апатына түсті
Кеше Ақтөбеге Қостанай облысы арқылы өтіп бара жатқан «Хонда» автокөлігі жойқын жол апатына ұшырады. Көлік тізгінінде 29 жастағы Атырау тұрғыны болған.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Жетісуда көктемгі дала жұмысының 69,1 пайызы толық орындалды
Биыл Алматы облысындағы жалпы егіс алқабы былтырғыға қарағанда 4,9 мың гектарға ұлғайып, 966,5 мың гектарға жетпекші. Ал қазірге дейін атқарылған көктемгі дала жұмысының ауқымы 69,1 пайызға жетті.
Коронавирус • 05 Мамыр, 2020
Коронавирус вакцинасын әзірлеуге арналған акцияда миллиардтаған еуро жиналды
«Коронавирусқа жаһандық жауап беру» акциясы аясында ақша жинау туралы жақында Бельгия астанасы Брюссельде жарияланды. Онлайн конференцияның бірінші күні 7 млрд 400 млн еуро жиналды. Аталған акция екі аптаға созылады.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Қостанайда 3 адамнан COVID-19 індеті анықталды
Індетке шалдыққандардың үшеуі де 29 сәуірде Қостанайға оралған «Теңізшевройлдың» вахташы жұмысшылары. Бұған дейін мұнайшылардың ішінде алғаш індет жұқтырған науқаспен байланыста болған 18 адам карантиндік стационарға жабылған болатын.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Полиция қызметкерлері үш баланы өрттен құтқарды
Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Иван Назаров пен Мейірім Азтаев үш бүлдіршінді өрттен аман-есен алып шықты. Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.