Коронавирус • 05 Мамыр, 2020

Коронавирус вакцинасын әзірлеуге арналған акцияда миллиардтаған еуро жиналды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Коронавирусқа жаһандық жауап беру» акциясы аясында ақша жинау туралы жақында Бельгия астанасы Брюссельде жарияланды. Онлайн конференцияның бірінші күні 7 млрд 400 млн еуро жиналды. Аталған акция екі аптаға созылады.

Коронавирус вакцинасын әзірлеуге арналған акцияда миллиардтаған еуро жиналды

ДДСҰ мен Еурокомиссияның қолдауымен, акцияның ұйымдастырушылары — Еуропалық Одақ елдері және қауымдастыққа кірмейтін Ұлыбритания, Норвегия және Сауд Арабиясы елдері. Сондай-ақ акцияға Жапония, Канада, ОАР және басқа елдердің көшбасшылары қосылды.

ЕО елдері бір миллиард еуро бөлу туралы мәлімдеді. Тағы осыншама бір миллиард АҚШ долларын Норвегия береміз деп уәде етті.

«Біз бір адам қорғалған, басқалары қорғалмаған әлемде өмір сүре алмаймыз. Бұл ортақ жауды жеңу ғана емес, сонымен қатар ортақ қауіпсіз болашақты құру мүмкіндігі. Ақша жинау процесі 23 мамырға дейін жалғасады», — деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Іс-шараның серіктестері ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Билл және Мелинда Гейтс қоры, Вакциналар мен иммундау бойынша жаһандық альянс және басқа да халықаралық құрылымдар қатысады.