Коронавирус • 05 Мамыр, 2020
Атырауда коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандардың бірі – Айкөркем Кусесова Канаданың Ванкувер қаласындағы Саймон Фрейзер университетінде оқиды. Жаһан жұртының үрейін ұшырған коронавирус инфекциясына байланысты университеттегі оқу онлайн форматқа көшіріліпті. – Содан елге оралуға жиналдық. Университет билет алып берді. Атырауға Амстердам арқылы ұшатын рейспен келген бойда оқшауландық. Біздің рейстегі бір жолаушының анализінен коронавирус инфекциясы расталды. Сөйтіп, бізді де 14 күн карантинге, яғни Атыраудағы провизорлық стационарға жатқызды. Шынымды айтсам, бастапқыда менде инфекция симптомы болған жоқ. Карантинде өзімді жақсы сезініп жүрдім. Дене қызуым көтерілмеді. Карантин мерзімі өткен соң, үйге барамын деген үмітім бар еді. Бірақ, дәрігерлер менен де вирустың табылғанын хабарлады, – дейді ол.
Қоғам • 05 Мамыр, 2020
Бүгінде жалған ақпарат дүниені дүрліктірген қауіпті індеттен де қауіпті болып, инфекциядан да жылдам тарап тұр. Әр ел бұл жағдайға өзінше шара қабылдап, жалған ақпарат таратқандарды әкімшілік-құқықтық жауапкершілікке тартып жатыр. Мұндай деректер бізде де тіркелді. Соның ішінде қатардағы мұғалімдер мен оқушылар да бар. Бұдан бөлек таласқа түскен екіұшты танымдық материалдар да қарапайым халықты шатастырды. Жаңа қатермен бетпе-бет келген және пандемиядан тәжірибесіз қоғамға қалай көмектесуге болады? COVID-19-дың аңызы, иә ақиқаты қайсы екенін қалай ажыратамыз? Осы сұрақтарға халықаралық білімі мен шетелдік тәжірибесі бар жас ғалымдарымыз, сала мамандары жауап берді.
Экономика • 05 Мамыр, 2020
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әр мемлекет үшін ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі күрделі мәселе. Сондықтан бұл да Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі саналады.
Экономика • 05 Мамыр, 2020
Кәсіпкер әйелдер көшін бастаған
Ауылда да өмір бар. Өмір болғанда қандай! Қиындығы, қызығы, қызуы мол, қайнаған өмір. Ауылда тұрып та бизнесті өрістетуге, қызметте өсуге болады. Міне, мұны нақты істе дәлелдеумен жүрген қыз-келіншектеріміз қатарының жылдан-жылға көбейіп келе жатқаны қуантады. Каменка ауылына келін болып түскеніне ширек ғасырдан астам уақыт өткен кәсіпкер келіншек, қоғам белсендісі Эльмира Мырзагелдиева осынау шоғырдан ойып орын алған.
Экономика • 05 Мамыр, 2020
«ҚазМұнайГаз» дағдарысқа қарсы стратегия әзірледі
Әлемдегі эпидемиялық жағдай сан-салалы кәсіпорындар мен алпауыт компаниялардың дағдылы тыныс-тіршілігін жаңа бағытқа өзгерткені рас. Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекет мүдделерін білдіретін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы да дер кезінде дағдарысты басқару тобын іске қосып, жедел штаб құрған болатын. Штабтың үйлесімді жұмысының және жүзеге асырылған алдын алу шараларының нәтижесінде кәсіпорындар қалыпты режімде жұмысын жалғастырып келеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – қаржы директоры Дәурен Қарабаев компания қызметінің бірінші тоқсандағы алдын ала қорытындылары мен нарықтағы жағдайдың компанияға әсері туралы баяндады.