Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
Еліміздің батыс өңірі көктемгі дала жұмыстарына кірісіп кетті
Ақтөбе облысы биылғы жылы 600 мың га жерге егін егуді жоспарлап отыр. Оның жартысынан көбі, яғни 334 мың га жерге дәнді және бұршақ дақылдары, 212 мың га жуығы жемшөп болса, 40 мыңы майлы дақылдар үшін бөлінді. Сондай-ақ, 6 мың га жерге картоп, 5,2 мыңына бақша егіледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 04 Мамыр, 2020
Асқар Мамин Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жаңа басшысын таныстырды
Премьер-Министр Асқар Мамин Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымына жаңа министр – Аида Балаеваны таныстырды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 04 Мамыр, 2020
Психологиялық орталық қызметіне 30 мыңнан астам адам жүгінген
БҰҰ Балалар қорының қолдауымен еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы бір айдан астам мерзімде COVID-19-ға қарсы күрес аясында қазақстандықтарға психологиялық онлайн кеңес ұсынып келеді.
Қоғам • 04 Мамыр, 2020
ПТР әдісімен коронавирусқа ақылы тест жасату құны төмендеді
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа тест тапсыруға болатын желі кеңейтілді. Талдау құны 10 мың теңгені құрайды,бұл жеке клиникалардағы бағадан екі есе төмен. Ұлттық ғылыми медициналық орталықта қалыптасқан жағдайға әлеуметтік жауапкершілік таныту қажеттігін атап өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
Шымкенттік құтқарушылар су басқан елді мекендерге көмек көрсетуде
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері Мақтаарал ауданындағы су басқан елді мекендерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.