Қоғам • 04 Мамыр, 2020
Өндірістік жарақатқа жол бермеу қажет
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмыс берушілерге, кәсіподақтар мен еңбек ұжымдарына «Қауіпсіз еңбек» ұранымен іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ «Vision Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына қосылуға шақырды.
Руханият • 04 Мамыр, 2020
Оқшаулану кезінде біраз кітап оқып, оймен оңаша қалдық. Жиналып қалған, бір кездері қиып алған газет тігінділеріне көз жүгірттік. Солардың арасында «Тәржіман» газетінің көнерген беттері көзге оттай басылды. Заманында Абайға да, алаш арыстарына да рухани ұстаз болған Исмаил Гаспыралының қазақтар туралы жазған мақалалары. Соның ішінде 1909 жылы 13 қазанда жарық көрген бір мақала айрықша назарымызды аударды.
Білім • 04 Мамыр, 2020
Асхат Аймағамбетов: Отандық ғылымда жаңа серпіліс болады
Ғылым кез келген елде келешектің кілті саналады. Себебі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік ахуалы, тұрақты әрі қауіпсіз дамуы ұлттық ғылымның әлеуетіне тікелей байланысты. Тәуелсіздік жылдары Елбасымыз Н.Назарбаевтың қолдауымен еліміздегі алдыңғы қатарлы ғылыми мектептер, тармақталған ғылыми ұйымдар желісі сақталып қалды, прогрессивті Ғылым туралы заң қабылданды, қазақстандық ғалымдар біршама табыстарға қол жеткізді. Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі адамзаттың жағдайы ғалымдардың қолында екенін айта келе, отандық ғылымның әлеуетін арттыруды тапсырды. Осы ауқымды істің қарқыны қандай? Қазақстандық ғылымды дамытуда қандай қадамдар жасалып жатыр? Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ еліміздегі ғылым саласына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді. Айтуынша, ғылымды басқару жүйесін жаңғырту, ғылыми әлеует сапасын арттыру, инновацияларды енгізу және қаржыландыру жөніндегі Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмалары жүзеге асыру үшін түбегейлі жаңа шешімдер қабылданып жатыр. Олар экономикамыздың тиімділігін біршама арттыруға да әсер етпек.
Коронавирус • 04 Мамыр, 2020
Әлемдегі ахуалға шолу: Жапонияда төтенше жағдай 31 мамырға дейін ұзартылды
Бұл топтамада әлемнің 187 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз. 4 мамырда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 3 506 924, өлім саны - 247 473, айыққандар саны - 1 125 255 адам болды (жаңартылған уақыты 10:03).
Экономика • 04 Мамыр, 2020
Африка қарызын қалай қайтарады?
Коронавирус пандемиясы салдары Африка құрлығына оңайға соқпайтын түрі бар. «Қара құрлықтың» мемлекеттерінде карантин жариялағалы бері көптеген жұмыс орны қысқартылып, экономикаға түсетін пайда күрт азайған. Соның салдарынан бірқатар мемлекет сыртқы қарызын өтей алмай қалуы мүмкін.