Білім • 04 Мамыр, 2020

Асхат Аймағамбетов: Отандық ғылымда жаңа серпіліс болады

12486 рет көрсетілді

Ғылым кез келген елде келешектің кілті саналады. Себебі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік ахуалы, тұрақты әрі қауіпсіз дамуы ұлттық ғылымның әлеуетіне тікелей байланысты. Тәуелсіздік жылдары Елбасымыз Н.Назарбаевтың қолдауымен еліміздегі алдыңғы қатарлы ғылыми мектептер, тармақталған ғылыми ұйымдар желісі сақталып қалды, прогрессивті Ғылым туралы заң қабылданды, қазақстандық ғалымдар біршама табыстарға қол жеткізді. Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі адамзаттың жағдайы ғалымдардың қолында екенін айта келе, отандық ғылымның әлеуетін арттыруды тапсырды. Осы ауқымды істің қарқыны қандай? Қазақстандық ғылымды дамытуда қандай қадамдар жасалып жатыр? Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ еліміздегі ғылым саласына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді. Айтуынша, ғылымды басқару жүйесін жаңғырту, ғылыми әлеует сапасын арттыру, инновацияларды енгізу және қаржыландыру жөніндегі Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмалары жүзеге асыру үшін түбегейлі жаңа шешімдер қабылданып жатыр. Олар экономикамыздың тиімділігін біршама арттыруға да әсер етпек.

Ұқсас жаңалықтар