Қазақстан • 25 Мамыр, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев елордада ауызашар берді
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыз бекіткен жамағатқа ауызашар берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Үкімет • 25 Мамыр, 2019
Асқар Мамин: Көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы аяқтау - маңызды мәселе
Премьер-Министр Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігінде көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу барысы туралы жұмыс кеңесін өткізді. Оған мемлекеттік органдар басшылары, облыс әкімдері, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, салалық қауымдастықтар мен одақтар өкілдері қатысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Спорт • 25 Мамыр, 2019
Данияр Елеусінов АҚШ-тағы айқас алдында салмақ өлшеді
Ертең таңғы мезгілде америкалық Оксон Хилл қаласындағы (Мэрилэнд штаты) MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде бокс шоуы болады. Оған жартылай орта салмақтағы қазақстандық Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) қатысады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2019
Маңғыстауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес бірқатар мәселелер қаралды. Яғни, мемлекеттік сатып алу саласында бюджеттен бөлінген қаржының уақытылы, тиімді және нысаналы мақсатына сай игерілуін қамтамасыз ету, 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде елді-мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары құрылысын салуға, күтіп ұстауға және жөндеуге бөлінген қаржылардың уақытылы, тиімді және нысаналы мақсатына сай игерілуін бақылау, жер телімдерін заңсыз иемдену фактілері мәселелері бойынша басқарма басшылары баяндама жасады.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2019
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, тек оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.