Білім • 25 Мамыр, 2022
Еліміздің барлық мектебінде соңғы қоңырау сыңғырлады. Күміс қоңыраудың үнін есту соңғы жылдары көп түлекке, үкілеп өсірген шәкіртін ұядан ұшырған жанары мейірімге толы мұғалімге арман болғандай еді. Биылғы сәт бұрынғыдан өзгерек.
Референдум • 25 Мамыр, 2022
Халықаралық ұйымдардың мәні зор
Дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифингте референдумға қатысты мәселелер талқыланды. Іргелі жиынға Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қатысты.
Референдум • 25 Мамыр, 2022
Демократиялық реформалардың тиімді құралы
Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік және қоғамдық институттар жұмыла кіріскен Жаңа Қазақстанды құру жолындағы ауқымды мемлекеттік құрылыс процесі жүзеге асырылуда. Жаңа Қазақстанды құру мақсаттары – айқын. Бұл дегеніңіз құқық және заң үстемдігі қағидатын жаппай енгізу негізінде қазақстандықтардың өмірін сапалы өзгерту үшін жағдай жасау деген сөз.
Қаржы • 25 Мамыр, 2022
Санкция қысымына ұшырап, соның салдарынан нарықтағы қызметін тоқтатуға мәжбүр болып жатқан үш ресейлік еншілес банк клиенттерінің дәл қазір көңілі күпті екені белгілі. Өйткені жекелеген шетелдік банктер үш банктің – «Сбербанк Қазақстан», «Альфа-Банк» және «ВТБ Қазақстанның» шетелдік валютадағы корреспонденттік шоттарын бұғаттаған. Шоттардағы қозғалыссыз жатқан қаржы көлемі 9,2 млрд теңге көлемінде.
Экономика • 25 Мамыр, 2022
Елдегі жағдай импорттың 30 пайызын қамтамасыз ететін Ресейдегі ахуалмен сәйкес келеді. 2021 жылы Ресей инфляциясы Қазақстанға қарағанда анағұрлым жылдам қарқынмен өсті.