Аймақтар • 25 Мамыр, 2019
Түркістан: ауыл кәсіпкерлеріне төмен пайызбен 6,8 млрд теңге беріледі
Түркістан облысында ауыл кәсіпкерлерін жеңілдікпен қаржыландыру жұмысы нәтижелі жүргізіліп келеді. Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Түркістан филиалы тарапынан 6,8 млрд теңге заем беру жоспарланған. Оның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында – 3,3 млрд теңге қарастырылған. Нәтижелі жұмыспен қамту қаражатын қайта инвестициялау арқылы 725,3 млн теңге, қордың жеке қаражатынан – 2,7 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2019
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Әдеби өлкетану: қоғамдық сананы рухани жаңғырту (Орал өңірі ақын-жазушыларының шығармашылық мұрасы. ХХ-ХХІ ғасырдың басы)» атты монография мен хрестоматияның тұсаукесері өтті.
ШҚО Көкпекті ауданында жарықсыз қалған ауылдарға жарық қосылды
Екі тәулік ішінде дауыл салдары жойылды
Президент • 24 Мамыр, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесті
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықты сақтаудың және оны әрі қарай нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы Тұңғыш Президент – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 24 Мамыр, 2019
«Өңір» депутаттық тобының отырысы болды
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында «2018 жылғы 10 қаңтар мен 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауларында көрсетілген медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру бойынша тапсырмаларын заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбымен «Өңір» депутаттық тобының отырысы болды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.