Аймақтар • 23 Мамыр, 2019

Тило Клиннер: Шымкенттегі ірі жобаларға неміс кәсіпкерлері қатысуға дайын

1121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер бастаған делегациямен кездесті.

Тило Клиннер: Шымкенттегі ірі жобаларға неміс кәсіпкерлері қатысуға дайын

Кездесу барысында қос тарап өзара ынтымақтастық тетіктері жайын талқылап, екіжақты қатынастарды дамыту туралы пікір алмасты. Қала әкімі Германияны сенімді серіктес әрі тұрақты инвестор деп санайтынын, барлық салада ынтымақтастық байланысты дамытуға ынталы екенін жеткізді.

Елші өз кезегінде Шымкент аумағында жүзеге асатын жобаларға неміс кәсіпкерлері қатысуға дайын екенін және сол арқылы іскерлік ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді.

Бүгінгі таңда Шымкенттегі «Karlskrona LC AB», «AsiaTrafo», «Бал Текстиль», «AZALA Textile» сынды ірі кәсіпорындар алдыңғы қатарлы неміс компанияларының технологиялары мен жабдықтарын қолданады. Ал, «Шымкентцемент» АҚ «Heidelbergcement» компаниясының қатысуымен цемент зауытын жаңғырту жобасын жүзеге асырды.