Құрамына 35 ел кіретін Азиялық Триатлон Конфедерациясының бастамасымен кәсіби спортшылар арасында триатлоннан құрылықтық турнирі өтеді.
«Стандартты» қашықтықтағы жарыс үш кезеңде өтеді. 1500 м жүзу + 40 км веложарыс + 10 км жүгіру бойынша сында жалпы 300-ге жуық кәсіби спортшы қатысады. Байрақты бәсеке Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағы мен «Наурыз» алаңында 2 күнге жалғасады.
Қазақстанда тритлон спорты мен салауатты өмір салтын дамыту мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі, «СПК Шымкент» АҚ, Қазақстан Респбликасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, «Самұрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Шымкент қаласының триатлон федерациясы, Қазақстан Триатлон Федерациясының ұйымдастыруымен өткізілмек.
Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі. Аталған жарыстың техникалық делегаты Ms. Kyung Sook Kim (KOR).