Саясат • 23 Мамыр, 2019

Дариға Назарбаева Михаил Гусманмен кездесті

884 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат басшысының ТАСС бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманмен кездесуі барысында «Деглобализация: Әлем дамудың жаңа үлгілерін іздестіруде» отырысы аясында болған пікірталастар талқыланды. Онда төрағалық етушілер жаһанданудың қазіргі әлемдік дағдарысқа әсері және деглобализация көріністері туралы айтқан болатын.

Дариға Назарбаева Михаил Гусманмен кездесті

М. Гусман Қазақстанда 2002 жылдан бері өтіп келе жатқан ЕАМФ-ның қалыптасуы мен дамуына Дариға Назарбаеваның қосқан жеке үлесін атап өтті. Форумның ауқымды бағдарламасы өзекті тақырыптарға арналған ашық пікірталастарға, сөз алушылардың мазмұнды сөздеріне, әлемдік сарапшылардың шеберлік сыныптарына толы болды. Форум аясында сондай-ақ осы саланың кәсіби мәселелері – цифрлық әлемдегі журналистиканың болашағы мен блогосфера ықпалының өсуі талқыланады. Ресейлік беделді медиаменеджер: «Мен ЕАМФ-ға таңданып отырмын», - деді.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді, сондай-ақ, Қазақстандағы ішкі саяси жағдайды да талқылады.