Әдебиет • 25 Мамыр, 2022
«Сәуірдің түні. Қыздың деміндей жылы ауа...»
Сағидың ғажап өлеңі бар. Ғаламторда жоқ, кітабын бастап не аяқтап та тұрмаған, елеусіз туынды сияқты, бір оқып өтесіз де, кейін іздеп таппай қаласыз. «Жатырмын небір түс көріп» деп басталады. Оқыған болсаңыз жүрегіңіз бүлк еткен де шығар. Себебі жабулы тақырыпты жазады ақын.
Әдебиет • 25 Мамыр, 2022
Жақында бір қаламгер ағамыз украин жазушысы Олекса Десняктің 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің бас сардары Амангелді Имановтың күрес жолын баяндаған «Торғай сұңқары» атты екі бөлімнен тұратын кітапты оқуға берді. Туындыны қазақ тіліне белгілі журналист – аудармашы Пернебек Бейсенов аударған. Қаламгер бұл повесті 1939-1940 жылдары жазыпты. Бізді таңғалдырғаны – украин жазушысының Қазақстанға келіп, халық батыры туралы күрделі шығарма жазғаны. Әлде оған сол кездегі саясаттың ықпалы болды ма, әлде жеке өзінің ынтызарлығы болды ма – бізге белгісіз. Белгілісі − суреткер қаламынан бас сардар жайындағы көркем шығарманың өмірге келгені.
Әдебиет • 25 Мамыр, 2022
Парақтарға сіңген сөздерде өмірдің өзі, замананың сыры бар. Ақын Дүйсенбек Қанатбаевтың «Бұрым» атты өлеңінде сонау зұлмат жылдары майданға аттанып бара жатқан қазақ қызының бүкіл сезімі, елге, жерге деген құрметі, санасына түскен салмақтың әнтек бұлқынысы жатыр.
Өнер • 25 Мамыр, 2022
Бір таудың етегінде көшпенді екі елдің қатар ғұмыр кешуі, қойны құт ұлан-ғайыр даланы тел жайлауы мүмкін емес, ол бір апанда жолбарыс пен арыстанның қатар тыныстауын көзге елестетеді. Сондықтан да айбарлы қос хандықтың бір-біріне деген дұшпандығы ғасырдан-ғасырға жалғасты. Жоңғарлардың жаугершілік жорықтары тым ұзаққа созылды.
Спорт • 25 Мамыр, 2022
Мұрат Сиқымбаев: «Қазақ стилінің» жарқын жеңістері әлі алда
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы өткен кәсіпқой бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дэнни Дигнумды екінші раундта ұрып жығып, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» әлем чемпионы атанғаннан кейін қазақтың қайсар ұлын бала кезінен баптаған жеке бапкері, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұрат Сиқымбаевқа хабарласып, төл шәкіртінің жарқын жеңісімен құттықтаған едік.