Аймақтар • 22 Мамыр, 2018
Солтүстік Қазақстан диқандары тұқым себуді жалғастыруда
Облыс диқандары алдында 4,1 миллион гектар жерге тұқым себу жұмыстарын сапалы аяқтау міндеті тұр. Осынша көлемдегі алқаптың 2,7 миллион гектарын дәнді, 1 миллион гектарын майлы дақылдар құрайды.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2018
Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің 3D картасы әзірленеді
«Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» аясында Қызылорда облысы тарихи-мәдени мұрасының 3D-форматты интерактивті картасы жасақталмақ. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақта орындалу барысы туралы өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2018
Солтүстік Қазақстанда жазғы ат жарысы маусымы ашылды
Қызылжар ауданында орналасқан «Құлагер» ипподромында жазғы ат жарысы маусымы ашылып, желмен жарысқан, ауыздығымен алысқан 60 сәйгүліктің шабысы бәйге десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлердің делебесін қоздырды.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2018
Атырауда лифтіде жасөспірімдердің қаза табуына байланысты тергеу жүргізіледі
Атырауда болған трагедиядан кейін арнайы комиссия құрылып, барлық лифт шаруашылықтары тексеріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау қалалық ТЖ және жұмылдырылған жұмыс бөлімінің басшысы Талғар Хайруллин мәлімдеді.
Үкімет • 22 Мамыр, 2018
Үкімет басшысы табиғатты қорғау және орман мекемелерінің өртке қарсы техникасын арттыруды тапсырды
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ішкі істер министрі Қ. Қасымов пен ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Евниев орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға даярлық мәселелері жөнінде баяндады.