Коронавирус • 30 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында Covid-19 жұқтырған 5 адам тіркелді
Провизорлық стационарға жедел респираторлы вирустық инфекция белгілерімен ауруханаға түскен 1983, 2008 және 2011 жылдары туған облыс орталығының тұрғындарына коронавирус диагнозы қойылды. Бұл отбасының бір мүшесі осыған дейін коронавирусты жұқтырған, аталған азаматтар онымен жақын қарым-қатынаста болған.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2020
"ҚазАзот" АҚ аммиак селитрасы өндірісін ұлғайтпақ
ИИДМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанда аммиак пен аммиак селитрасын өндіретін жалғыз зауыт жарты ғасырлық тарихында қалыптасу мен дамытудың күрделі жолынан өтіп, бүгінде алып өндіріс ошағына айналып отыр. Жылдар бойы жиналған тәжірибе мен озық технологиялар арқылы кәсіпорын агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен өндіру саласы үшін химиялық өнім шығарады. Компания қызметінің негізгі түрлеріне: геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, табиғи газды өндіру және өңдеу, аммиак пен аммиак селитрасын, сондай-ақ олардың туындыларын өндіру және сату жатады.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2020
Атыраулық полицейлер үш күнде 1,2 млн теңге айыппұл өндірді
Полиция қызметкерлері 25 мамырдан бері «Борышкер» іс-шарасын өткізіп жатыр. Алғашқы үш күнде жүргізушілер тарапынан 161 құқық бұзушылық жасалыпты. Соған орай жүргізушілерге салынған 1 миллион 200 мың теңгеден астам айыппұл өндіріліп отыр.
Бизнес • 30 Мамыр, 2020
Тұрақты даму - бизнестің жетілуі мен әлеуметтік жауапкершіліктің көрсеткіші
«Филип Моррис Қазақстан» компаниясы (ФМҚ) тұрақты даму туралы кезекті есебін шығарды, онда компанияның өз бизнесіне деген көзқарасы және оны неғұрлым тұрақты және жауапты етуге мүмкіндік беретін шаралар көрсетілген.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2020
Атырауда өзен порты жұмысын қайтадан бастады
Бұдан бес жыл бұрын Атырау өзен портының жұмысы тоқтаған болатын. Оның басты себебі – Жайық-Каспий каналының түбін тереңдету жұмысының жүргізілмеуі.