Аймақтар • 22 Мамыр, 2018
Ғалым Мұхтар Арынға ескерткіш қойылды
Мұхтар Арынұлы көшесі, 10. Бұл мекенжайда Сарқан ауданына қарасты Бақалы ауылының мәдениет үйі қоныс тепкен. Кәдімгі ауылдың рухани орталығына айналған қатардағы мекеме. Бірақ біздің алыстағы елді мекеннің шағын көшесіне соншалық үңіліп отырғанымыздың өзіндік себебі бар. Өйткені қазақтың белгілі ғалымы Мұхтар Арынның балалық шағы осы көше бойында өткен екен...
Аймақтар • 22 Мамыр, 2018
Бурабайда жазғы кезең басталды
Биыл ауа райы құбылып, жауын-шашынға ұласып жатса да жазғы демалысқа құлшынып отырғандар қаншама. Осыған орай Бурабай курортты аймағы демалысқа келушілерді күтіп алуға кірісіп те кетті. «Бурабай» ұлттық паркі басқармасы мен туристік бизнес өкілдерінің басын қосқан өңір басшысының қатысуымен өткен жиында жазғы туризм мәселесі кеңінен сөз болды.
Алматының алмасы. Шырын қайда?..
Алматы жұрты күнде жауған жауынмен, түнде ұрған суықпен жағаласып жүріп Алатаудың бөктеріндегі биылғы алма бақ гүл шашқан көркем шақтан көз жазып қалған сыңайлы. Содан ба екен, біреу «Биыл алма гүлдеді ме?» десе, біреу «Биыл өзі алма бола ма?» дейді қамығып.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2018
Аралды қалпына келтірудегі айтулы жоба
«Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған», бүтін бір халықтың асыраушысы болған, Ресей ашаршылыққа ұшырағанда әлденеше шақырымдарға жететін вагондармен балық жіберген айдынды ана Аралдың жағдайы қазір нешік?!
Қазақстан • 22 Мамыр, 2018
Суретші Ренат Елубаевтың «Мәңгілік елес» атты көрмесі өтті
Ренат Елубаевтың суретпен кәсіби түрде айналысқанына небәрі жеті жылдың көлемі болыпты. Бірақ бойдағы туабітті таланты шықпай қоймайды екен. Осы уақыт аралығында бірнеше халықаралық бәйфгелерге қатысып, жеңімпаз атанған. Бірер күн бұрын Астанадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Мәңгілік елес» атты кезекті көрмесін өткізді.