Футбол • 22 Мамыр, 2018
2014 жыл. Футболдан Бразилияда өткен әлем чемпионатының топтық турнирі. Куяба қаласындағы «Арена Пантанал» стадионында өткен Колумбия мен Жапония құрамалары арасындағы кездесудің 85-минутында қақпашылар алмасып, алаңға атышулы Фарид Мандрагон шықты. Осылайша, 43 жастағы Оңтүстік Америка құрлығы өкілінің есімі дүниежүзілік доп додасында өнер көрсеткен ең ардагер футболшы ретінде тарихта қалды.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2018
Әулиекөл ауданында Москолев деген ауыл бар. Бұл ауылды еліміздегі ауыл шаруашылығы мамандары, ғалымдар, тіпті кәсіпкерлер де жақсы біледі. Білетіні – мұнда төрт түліктің ішінде Зеңгі бабаның еті ақ мәрмәр атақты Әулиекөл тұқымы өсіріледі. «Москолевский» шаруашылығын белгілі шаруашылық ұйымдастырушы, ғалым Зейнолла Жаңбыршинов басқарады. Ол Қазақстанда ет бағытындағы ірі қара тұқымын асылдандыру үшін жерге, солтүстіктің суығына бейімделген, еті талай көрмелерде азуын айға білегендерді шаң қаптырған Әулиекөл тұқымынан оңтайлысы жоқтығын айтумен келеді. Айтарымыз бұл емес еді. Енді осы ауылда тағы бір тамаша іс басталып, жұртшылыққа жылы хабар көктемнің алтынкүрек желіндей тарап кетті.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2018
Әнуар Боранбаевты еске алу кеші өтті
Қазақ драма театрының саңлақтары Серке Қожамқұловты, Елубай Өмірзақовты, Қапан Бадыровты берген Қостанай-Торғай топырағы одан кейін де халқымызды дарыннан кенде еткен жоқ.
Президент • 22 Мамыр, 2018
Мемлекет басшысы видеоүндеу жасады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады. Видео Президент баспасөзінің YouTube арнасында жарияланды.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2018
Астанада Oriflame концептуалды орталығы ашылды
Астана қаласында Oriflame концептуалды орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. Компания әлем стандартына сәйкес келетін және Қазақстан елордасының орталығындағы швед түкпірі болып саналатын нысанды таныстырды.