Қазақстан • 22 Мамыр, 2017
Волейболдан клубтық Азия чемпионаты Өскеменде өтеді
Мамыр айының 25-31 аралығында Өскеменде волейболдан қыздар арасында клубтық Азия чемпионаты өтеді. Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің қарсаңында жалауы желбірейтін дүбірлі додаға Сары құрлықтың сегіз мемлекетінен таңдаулы спортшылар келіп қатысады. Байрақты бәсекеде ел намысын Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Өскеменнің «Алтай» волейбол клубы қорғайтын болады.
Медицина • 22 Мамыр, 2017
«Ақтөбе спортының ахуалы ойдағыдай»
«Егер денің сау болса, оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек», – деген екен әл-Фараби бабамыз. Ғұламаның ұлы пікірінен шығатын түйін – саламатты өмір салтын ұстанып спортпен ұдайы шұғылдану болмақ. Бұл мәселе Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» стратегиясында да кеңінен көрініс тапқаны баршаға мәлім. Сондай-ақ, мұнда тек дені сау ұлт қана бәсекеге сай бола алатыны атап көрсетілген. Ел өңірлері осындай дені сау ұлт қалыптасуына алғашқы алғышарт қаламақ. Ақтөбе облысының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрлыбек Жүсіповпен әңгіме осындай бағытта өрбіді.
Күрес • 22 Мамыр, 2017
«Жігітте де жігіт бар!..», деп келетін халық әніндегідей, спортта да біз «Жарыста да жарыс бар!..», деп әндете аламыз.
Білім • 22 Мамыр, 2017
Астанада «WorldSkills Kazakhstan-2017» чемпионаты өтті
Астана қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan-2017» ұлттық чемпионатында Ақмола облысының командасы сегіз алтын, бір күміс және жеті қола медальға ие болды. Отыз біліктілік шарты бойынша өткен сайыста бетон жұмыстары, витринистика, мерчендайзинг және флористика сияқты машықтар сарапқа салынды. Үш жүзге тарта қатысушы дәнекерлеуші, қалақшы, шаштараз, даяшы және өзге де мамандықтарда бақтарын сынасты.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2017
Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының ІІ маусымының іріктеу кезеңі өтті. Биыл Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтетін бұл бірегей жобаны Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырды.