Қазақстан • 22 Мамыр, 2018
Астанада «Қазақстан музейлері» атты анықтамалықтың тұсаукесер рәсімі өтті
Елордадағы Ұлттық музейде Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай жаңадан құрылған «Қазақстан тұлғалық музейлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің салтанатты ашылуымен қатар, елімізде тұңғыш рет үш тілде жарық көрген «Қазақстан музейлері» атты анықтамалықтың тұсаукесер рәсімі өтті.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2018
Қызылордада Батырхан Шөкеновке ескерткіш орнатылды
Қазақ эстрадасының қайталанбас тұлғасы, өнер көгінен жұлдыздай ағып өткен әнші-композитор Батырхан Шөкенов жайлы әріптестері осылай дейді. Хас таланттың қашанда бәсі бөлек. Біздің ұл деп мақтаныш еткенімізбен оны Ресейден бастап кешегі одақтас мемлекеттердің де әнсүйер қауымы өз перзентіндей көреді, құрметтейді.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2018
«Рухани қазына» фестивалі басталды
Кеше Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында ел тарихында тұңғыш рет барлық өңірлердегі өнер және мәдениет қызметкерлерінің қатыстырылуымен елорда төрінде «Рухани қазына» фестивалі басталды.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2018
«ҚазМұнайГаз» мұнайшылары Үстірт ескерткіштерін қамқорлыққа алды
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін еліміздің әлеуметтік дамуына атсалысу, тарихи-мәдени құндылықтарды қамқорлыққа алу бағытындағы істер күн тәртібінен түскен жоқ. Маңғыстау өңіріндегі ескерткіштердің жаңғыруына бұған дейін де өз үлесін қосқан компания мұнайшылары биыл да өз бағыт-бағдарларынан жаңылмай, жарқын істердің жаршысы бола білді.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2018
Шекілдеуік шаққандарға айыппұл салынады
Ауылдан аудан орталығына медициналық тексеруге келген төрт жасөспірімнің емхана маңайында алаңсыз шекілдеуік шағып, әңгімеге елтіп тұрғанын учаскелік инспектордың «қырағы көзі» байқап қалып, заматта хаттама толтырады.