Қоғам • 24 Маусым, 2020
«Халық алғысы» (Індет кезіндегі ізгілік иелеріне жаңа мемлекеттік марапат тапсырылды)
Дауасыз дерт дүйім дүниені дүрбелеңге түсірген шырғалаң кезеңде халыққа қамқор, қызметіне адал азаматтар алдыңғы шепте жүріп, қауіпті індеттің бетін қайтаруға бар күш-жігерін салып жатыр. Осылайша, көпшілікке шарапаты тиіп, елдің алғысын арқалаған денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру саласындағы отандастарымыз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумында «Халық алғысы» медалімен марапатталды.
Елбасы • 24 Маусым, 2020
...1989 жылдың 22 маусымы күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ХV Пленумы өткізіліп, осыған дейін Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі Төрағасы қызметін атқарған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – «көп тілеуі көл» болып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. «Көп тілеуі» деген сөзді әдейі қолданып отырғандағы себеп – оның алдында, 1986 жылы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев республика басшылығынан зейнетке шыққаннан кейін, СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы М.Горбачевтің шешімімен Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ, сырттан Г.Колбин басшылық қызметке жіберілген еді. Ол басқарған үш жыл Мәскеуге бағыныштылықтың, әсіресе біздің ұлтымыздың еңсесі езілген кезең болды. Осы бір жағдайдың өзі-ақ тәуелділік пен тәуелсіздік ұғымдарының маңызын аңғартса керек.
Қоғам • 24 Маусым, 2020
Еліміздегі демографиялық ахуалдың жақсаруына және адами капиталды дамыту ісінің өрге басуына кесірін тигізіп отырған мәселелер еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін ықтимал қатерлерді қоюландыра түсуде.
Сұхбат • 24 Маусым, 2020
Вячеслав Пащенко: Өркенді басылымда өзгеріс көп
– Вячеслав Валентинович, әңгімемізді бастамас бұрын казправдалық әріптестерімізді газеттің ғасырлық тойымен құттықтап қойғымыз келеді. Міне, төрт жылдан бері еліміздің ақпарат кеңістігінде ерекше орны бар осынау беделді баспасөз ұжымын басқарып жүрсіз. Бұл әрине атқарылған жұмыстарды ауызға ала отырып белгілі бір қорытындылар, жасау үшін жеткілікті уақыт. Ендеше, еңсерілген істерге тоқтала кетсеңіз.
Руханият • 24 Маусым, 2020
Алматыдан телефон соғылды. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, танымал ғалым Кенжехан Матыжанов хабарласты. Академик Сейіт Қасқабасовтың сексен жылдығын атап өтудің жайын айтады.