Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Медициналық сақтандыру: әлемдік тәжірибе мен дербес таңдау
Тесік қайық. Адам баласының өз қалыбындағы үйреншікті өміріне өзгерістер енуіне секемдене қарайтыны жасырын емес. Жаңалықты дүниеде үміттен гөрі күдікке бой алдырып, осы мәселе қалай болар екен, артық қыламыз дегенде бұрынғымызға жылай көрісіп жүрмейміз бе деген ойлардың мазалайтыны бар. Әрі оның көпшілікті бейжай қалдырмайтын оқу-білім, денсаулық тәрізді салаларға қатысы болса алаңдамайтын жан жоқ. Оның үстіне еліміздің тарихында бұрын да міндетті медициналық сақтандырудағы қолайсыз тәжірибе еске түскенде күпті көңілдегі қою тұманның тұтасып, сейілмей жатып алатынын қайтерсіз. Енді ойша алғашқы сақтандыру енгізілген уақыттағы медицинамен қазіргі осы саладағы ахуалды көктей шолып өтсек.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
«Шеңбер» – қара тасына дейін тарихтан сыр шертетін қасиетті Ұлытаудың бір пұшпағы. «Кейкінің үңгірі» осы ауылдан ат шаптырым жерде.
Қантөгісті Қазан төңкерісінен кейін орыстың талай озық ойлы тұлғалары амалсыз шекара асқаны белгілі. Әйгілі әнші Шаляпин, көрнекті композитор Рахманинов, атақты жазушы Бунин секілді, суретші Рерих те ақ пен қызыл айқасқан аласапыран кезінде елден безіп, эммиграцияға кетті.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Жайдарманның алғашқы мүшелі тойланды
Жастардың ең сүйікті ойыны – Жайдарман мүшел жасқа келді. Сонау 2005 жылы 29 маусымда ең алғаш рет тойланған Жайдарманның туған күні жыл сайын «Астана күні» қарсаңында дәстүрлі түрде өтіп келеді. Сол дағдыдан жаңылмай, кеше де «Астана концерт залында» атап өтілді.
ЭКСПО-2017 • 20 Маусым, 2017
«Қазақ елі қарыштап дамыған екен»
ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылып отырған маңызды шаралардың бірі – «NOMAD WAY» көшпенділер мәдениетінің музыкалық фестивалі. Бұған қазақстандық өнер тарландарымен қатар, түрік, тәжік, өзбек, бурят, саха, тыва, башқұрт, татар сияқты түркілік тектен тарайтын этнос өкілдері қатысып, көрменің көрігін қыздырды. Осылардың қатарында қырғызстандық жас әнші, өз ұлтының этно ән-музыка үлгісін заманауи стильде орындап, нағыз өнерпазға айналып үлгерген Гүлзада Рысқұловамен шағын сұхбат өрбіткен едік.