Футбол • 20 Маусым, 2017
Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 16-турында көш басындағы үш клуб кезекті жеңістеріне қол жеткізіп, өздерін өкшелеп келе жатқан ұжымдардан тіпті ұзап кетті. Мысалы, үшінші сатыда тұрған «Ордабасы» мен одан кейінгі орынға табан тіреген «Ертістің» арасын бақандай жеті ұпай бөліп тұр.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Академия бітірген мамандар жұмыссыз жүр
Жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомоствоаралық комиссия отырысында біліктілікті арттыру курстарынан өткен мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейінің төмендігіне және кәсіби шеберлігінің аздығына біраз сын айтылды.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Астанада Қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін бітіруші офицерлерді салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.
Әлем • 20 Маусым, 2017
Көрші Ресейдегі Челябі облысына қарасты Қызыл ауданында біраз қазақ тұрады. Олар аудан халқының 14 пайызын құрайды. Ақжайық өңірі. Түгін тартсаң майы шығатын құнарлы жерді қазақтар қашаннан құт мекен етіп келеді. «Қыз Жібек» жырындағы Базарбайдың жылқысы жайлаған, Төлеген мен Жібектің «Гәккулеткен» жері. «Су ішкен құдығыңа түкірме» деген халқымыздың қағидасын ұстанған қандастар осы жерде мамыражай ғұмыр кешіп жатыр.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Өткен ғасырдың 80-ші жылдары. КСРО мен Франция арасындағы жылымық кезеңінің бір сәтінде Еркін есімді көкеміз бір-ақ күннің ішінде замандастырының түсіне де кірмеген түу Францияға, Парижге аттанды да кетті. Ол тұста Еркін Құрмантаев – Шымкенттегі облыстық қоғамдық тамақтандыру бірлестігінің директоры қызметін атқарады. Қолына түскен асхананың бар аспабын жонглердей ойнататын директор-аспазды Алматы мен Мәскеудің білгірлері Парижде өтетін КСРО-Францияның мәдени күндеріне қатысуға лайық көріп, аттай қалап алыпты.