Білім • 24 Маусым, 2021
«Серіктес директорлар» лигасы құрылды
Қазір білім саласына, орта мектеп басшысына қойылатын талап бұрынғыдан мүлдем бөлек. Өзі жетекшілік жасап отырған ұжымды жаңартылған білім беру ұстанымдарына бейімдеп, жаңалық енгізе алмаған басшы көшке ілесе алмай қалады. Ең бастысы, әріптестеріне де, білім алып жатқан оқушыларға да кесірін тигізеді.
Білім • 24 Маусым, 2021
Дарынды оқушылар 245 медаль жеңіп алды
Өңірімізде жыл сайын оқу жылының соңында республикалық және халықаралық пән олимпиадаларында жүлдегер атанған жас дарындармен кездесу өтеді. Биылғы кездесуге олимпиадалардың 52 жеңімпазы және «Ең үздік олимпиадалық мектеп – 2021» дипломының иегерлері – мамандандырылған мектеп директорлары мен мұғалімдер қатысты.
Аймақтар • 24 Маусым, 2021
Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын жобалар
Жамбыл облысының әкімдігі мен Еңбек және халықты Әлеуметтік қорғау минстрлігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешенінде «Әлеуметтік кәсіпкерлік: қоғам мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында халықаралық форум өтті. Аталған жиынға онлайн режімінде АҚШ, Ресей, Үндістан, Израиль және ТМД елдерінің өкілдерімен қатар, өңір кәсіпкерлері де қатысты. Қатысушылар кәсіпкерлікті дамыту төңірегінде пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.
Аймақтар • 24 Маусым, 2021
Қызылжар өңірінде тұратын түрлі этнос өкілдері арасында өзіндік орны бар күрд бауырлар – ұшса құстың қанаты талатын, жүгірсе аңның тұяғы күйетін кең-байтақ қазақ жеріне күштеп қуылып, тұрғылықты халықтың мол мейірімі мен шапағатына бөленгендер. Ол жөнінде облыстық «Барбанг» мәдени ұйымының төрағасы Рашид НАДИРОВТІҢ айтары аз емес.
Өңір әкімдерінің өз «командасын» құратыны белгілі. Бұл туралы талай сын айтылғанымен, одан өзгерген жағдай шамалы. Бір жағынан, оның өз қисыны да бар. Мәселен, облыс әкімінің саяси қызметшілер болып саналатын орынбасарларын ауыстыруымен келісуге болады. Тек өзге басшы кадрларды оңды-солды сапырылыстырып жібермесе, құба-құп.