Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Баянауыл тауларының ең биігі – Ақбет шыңы. Теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі 1026 метрден асады. Тау батыстан шығысқа қарай 17 шақырымға созылып жатыр, ені 7 шақырымдай. Баянауылдықтар өмірінде бір рет болса да, құпиясы мен қасиеті аз емес Ақбеттің шыңына шығып, аспанға қол созуды армандайды. Туристер мен қонақтар да шыңның ұшар басына өрмелейді.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Алматы саяхат орталығына айналады
Алматы шаһарына туристер тарапынан қызығушылық жыл сайын артып келеді. Соңғы үш жылда оңтүстік астанаға келген шетелдік туристер саны 14%-ға өссе, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Оңтүстік Корея, Үндістан, Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ және Германиядан келген туристер саны жүз отыз мыңнан асқан.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Үлкендердің айтуынша 1960-1980-жылдары Маңғыстаудың ойы мен қырында жер қойнауын зерттеуші экспедициялар қаптап жүріпті. Айдалаға вагондарын қойып, түрлі шыны ыдыстар мен консервілердегі алуан түрлі тағамдарды алдарына қойып қауқылдасып отыратын өзге ұлт өкілдерін бала кезімізде көрген де едік. Қойлы ауылда көбіне ет, сүт, шұбат, бауырсақ сынды кәдуілгі қазақы тағамдарды ғана тұтынатын бізге олардың ыдыстарының өзі таңсық көрінетін.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Тұзды аймақтар оазиске айналады
Уақытында әлемдегі ең көлемді теңіздердің бірі саналған Аралдың басындағы бүгінгі ахуал тек осы теңізге жағалай қонған мемлекеттердің ғана емес, әлемдік өркениеттің аса өзекті проблемасына айналып отырғаны шындық.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Көк күмбезден не пайда, салауат айтып тұрмаса?!.
Өліара өте ағайын-туыстың отыз омыртқасын опырып, қырық қабырғасын қақыратып, Жаңбырбай жарықтық 70-тен асқан шағында өмірден озды.