Қазақстан • 23 Маусым, 2021
Баспа ісі бәсекені талап етеді
Еске салсақ, 2004 жылдан бері ТМД мемлекеттерінің баспалары арасында жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Искусство книги» атты халықаралық байқау бар. Кейінгі жылдары бұл бәйгенің аты шығып, абыройы артып, салмағы еселене түскен. Былтырғы жыл қорытындысында да қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар жоғары нәтиже көрсетіп, әр аталым бойынша жүлделі орындар иеленген еді.
Тарих • 23 Маусым, 2021
Аудан архивіндегі қуғын-сүргін тарихы
ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамында байлар қазақ ауылының негізгі тірегі болатын, олардың жанында қауымдастықтың қалған өкілдері топтасты. Ол көшпелі халықтың өміріндегі орталық жүйенің бір бөлігі еді. Кеңес өкіметі көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан осы жүйені бұзу керек екенін жақсы түсінді, онсыз далалық қазақтарды басқара алмайтын. Осыдан да қазақ қоғамында байлардың мал-мүлкін тәркілеу, оларды жер аудару, ұжымдастыру біртіндеп кең көлемдегі қасіретке ұласты. Ірі қазақ байларына қарсы бағытталған жаңа реформа қазақтың дәстүрлі қоғамын құртудың бастамасы болды, осының барлығы Қазақстандағы жойқын ашаршылыққа алып келді. Байлар институтын саяси репрессиялар арқылы құрту бүкіл көшпелі халықтың өмір сүру жүйесін тас-талқан етті.
Аймақтар • 23 Маусым, 2021
Дмитрий атайдың арманы – Қостанайда «Тоғызқұмалақ үйін» ашу
Тың игеру жылдары Тобыл өңірінде тоғызқұмалақты дәріптеп, қазақтың зияткерлік ойынына ел қызығушылығын оятқан, осы спорт түрінен Қазақстанның тұңғыш спорт шебері, тоғыз дүркін республика чемпионы Дмитрий Поляков ақсақалды бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Қазір тоқсанның үстіне шыққан ардагер спортшы екі қазан, он сегіз отауға бөлініп, ақыл-ой ұшқырлығын таразылайтын бабадан жеткен дәстүрлі ойынды әлем жұртшылығы әлдеқашан мойындаған әйгілі шахматтан биік қояды.
Спорт • 23 Маусым, 2021
Футбол тарихындағы сәтсіз жоба
Күллі жанкүйерді теледидар алдына жинаған «Еуро-2020» турнирін көріп, аталған додада дебюттік ойындарын өткізіп жатқан құрамаларға қызыға да, қызғана да қараймыз. Себебі кезінде деңгейі бізбен бірдей елдің футболы бүгінде қарыштап дамып кеткен. Ал бізде ше?
Әлем • 23 Маусым, 2021
Испания билігі каталониялық 9 саясаткерге кешірім жасады. Олар 2017 жылы сеператистік әрекет танытты деген желеумен жауапкершілікке тартылған еді. Ел Премьер-министрі Педро Санчес осы қадам арқылы азаттық аңсаған Каталония мен Испания арасын, сондай-ақ Пиреней түбегіндегі басқа да ұлтшыл топтармен татуласуды көздейді.