Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Түркілік сананы жаңғыртатын форум
Кеше Астанада Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған Халықаралық III «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумы өтті. Жиынға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
«Әдебиет бульвары» мен «Ғарыш саябағы»
Көзіқарақты қала тұрғындары жаз шыққаннан бері Есілдің оң жағалауындағы көшелердің бойында абаттандыру жұмыстары қызу қарқын алғанына тәнті болуда. Бұл бос алаңқайлардағы қызу еңбек таңмен таласа басталып, көз байлана толас табады. Жұмысшылардың Қала күні мерекесіне дейін тапсырылған міндетті еңсеріп тастауға деген құлшынысы көңіл марқайтады.
Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркестеріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық.
Арайланған, абаттанған Астанам!
Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Ақмоланы мен алғаш 1952 жылы көрдім. Біздің ауыл, туған жеріміз мына Нұра ауданы, соның орталығы. Осы арадан 100 шақырым жерде. Туғаннан астаналықпын деуіме болады. Үлкен ағам әскери міндетін теңіз флотында өтеді. Владивостокта. Ол кезде әскерде бес жыл жүреді. Жыл сайын демалысқа келіп тұрады. Сонда бірінші рет ағайындармен бірге жүк машинасымен келіп, қарсы алғанбыз.