Қазақстан • 23 Маусым, 2021
Санаулы күндерден кейін аяқкиім өнімдерін цифрлық таңбалау міндетті шараға айналмақ. Қазір осыған дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ретте кеден қоймалары Қазақстанға сырттан импортталатын аяқкиім өнімдеріне Data Matrix кодын енгізу барысын сынақтан өткізуде.
Руханият • 23 Маусым, 2021
«Абайдың жұмбағы» – электронды нұсқада
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рамазан Тоқтаровтың кітаптарын енді электронды нұсқада оқуға болады. С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап кітапханасы қаламгердің 11 кітабын цифрландырып, аймақтың E-KITAP.KZ онлайн кітапханасына орналастырды. Жазушының еңбектері оқырман қауымға бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті.
Қазақстан • 23 Маусым, 2021
Салық жеңілдігі серпін әкеледі
Былтыр пандемияға байланысты бизнесті салықтық қолдау шаралары қабылданғаны белгілі. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғаспақ. Сондай-ақ салық салу саласын жетілдіруге де баса мән беріледі.
Аймақтар • 23 Маусым, 2021
Қоныс аударушыларға қолайлы мекен
Солтүстік Қазақстан облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылар саны аса көп болмаса да үздіксіз өсіп келеді. Былтыр 2 045 отбасыдан тұратын 6 765 адам келген еді. Биылғы меже одан артық болуға тиіс.
Қазақстан • 23 Маусым, 2021
Кемел Тоқаев атындағы зал ашылды
Ұлттық академиялық кітапханада Екінші дүниежүзілік соғыс басталуының 80 жылдығына арналған «Лесная песня» тақырыбындағы халықаралық кітап көрмесі мен Кемел Тоқаев атындағы шығармашылық залы таныстырылды.