Қазақстан • 22 Маусым, 2022
Қоғам тыныштығының күзетшілері
Полиция қызметкерлері туралы сөз қозғаған кезде жылдам қимылдайтын арнайы жасақ (ЖҚАЖ) жауынгерлерінің орны бөлек екенін айрықша атап өткен жөн. Ел азаматтарының құқығын қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестік әрекеттерді алдын алу секілді міндеттердің барлығын дәл осы ЖҚАЖ қызметкерлері атқарады.
Білім • 22 Маусым, 2022
Қазақстандық мұғалім – Apple компаниясының тренері
Әлемге әйгілі Apple компаниясы жыл сайын оқытушыларға арналған Apple Certified Trainer курстарын өткізеді. Биыл аталған курстан өткендер қатарында Германия, Ирландия, БАӘ, Мысыр, Үндістан секілді елдердің педагогтерінен бөлек қазақстандық мұғалім де бар.
Білім • 22 Маусым, 2022
Тау-кен өндіру саласында адами капиталдың маңызы зор. Сондықтан кадрлық резервті қалыптастыру қашанда өзекті. Оның үстіне қазір тау-кен металлургия кешенінде буын алмасу үдерісі қарқынды жүріп жатыр. Демек мұндай шақта кадр мәселесіне назар аудару маңызды.
Аймақтар • 22 Маусым, 2022
Соңғы уақытта Ақкөл Жайылмадағы Исабек ишан кесене кешеніне келушілер көбейді. Қазақстанның киелі жерлері географиясына енген кешенге Ресейден де ат басын бұратындар баршылық. Осы орайда, алыс жолды артқа тастап келетін зиярат етушілерге кешен басында қолайлы жағдайдың жасалғаны дұрыс. Осыны қаперіне алған Исабек ишан ұрпақтары 30 орындық қонақүйдің құрылысын бастап кетті.
Руханият • 22 Маусым, 2022
Қазақ қарасөзінің хас шебері М.Әуезов пен жыр алыбы Ж.Жабаев арасындағы сабақтастық – қай заманда да маңызы арта беретін аса өміршең тақырып. Биыл академик жазушы М.Әуезовтің туғанына 125 жыл толса, ғұламаның дарынды шәкірті, сарқытын жеп, ақ батасын алған көрнекті фольклортанушы, түркі-моңғол халық мұрасын кешенді зерттеген маман Бекмұрат Уахатовтың өмірге келгеніне 90 жыл толды. Білікті ғалымның сонау 1972 жылы жазған «Жамбыл және Мұхтар» атты зеттеуі бүгінгі оқырманға да терең ой салары анық.