Руханият • 23 Маусым, 2020
Қоғамдағы тыныштық тәтті ұйқыдағы нәресте іспетті. Ол да алақанға салып әлдилеуіңе, маңдайынан сипап мәпелеуіңе мұқтаж. Айқай-шу мен араздық оның да ұйқысын бұзып, берекесін қашырады. Сондықтан болар, нәресте анасына қарап еміренген кезде елдегі тыныштық тәртіп сақшысын іздеп тебіренеді. Себебі ел тұтастығының ең асыл темірқазығы – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік. Тәртіп бар жерде тұрақтылық бар. Ал тұрақтылығы тұғырдан түспеген мемлекеттің келешегі кемел, болашағы баянды болмақ. Осы құндылықтардың қарауылында Қазақстан полициясы тұр!
Руханият • 23 Маусым, 2020
Мемлекет басшысының Жарлығымен Атырау қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Қуандық Сүйіндіков пен полиция аға лейтенанты Тимур Балмағанбетов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Қоғам • 23 Маусым, 2020
Халықтың қорғаушысы һәм қамқоршысы
Түркістан полициясы жаңа облыс орталығына қоныс аударған екі жылда біршама сын сәттерді еңсеріп, халықтың сеніміне ие болу бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Осы уақыт аралығында өңірде орын алған бірнеше табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тәртіп сақшылары өздеріне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, мінсіз қызмет етті.
Руханият • 23 Маусым, 2020
Бейсен Құранбек: Өмір деген – Құдайдың түсірген киносы
Мынау пәни дүниеден сүйкімді болып өту екінің біріне бұйыра бермейтін бақ қой. Бейсен бақиға озғанда, тіпті жарқырап жүрген күндерінде де оның көпшіліктің жүрегіне жол тапқан кілті қайсы деп ойланғанымыз да есте. Әйтпесе, таланттардың тағдырын түсінбейтін, ешкім ешкімді тұлға көре қоймайтын, әсіресе журналист деген қауымды жұрттың бәрі бірдей ұната бермейтін мына заманда осы Бейсен айналасына несімен жақты деген сұрақты өзімізге де қойғанбыз.
Қоғам • 23 Маусым, 2020
Кәдеге аспаған дипломнан қара жұмыстың бәсі артық
Төрткүл дүниені тітіренткен коронавирустан кейінгі өмір қалай болмақ? Дәл бүгінгідей шекара біткен тарс жабылып, шаруашылықтың іркіліп қалуы бұрын-соңды бола қоймаған жағдай. Жұмыссыз қалған әлеуметке көмек көрсетуге мүмкіндігі бар елдердің дағдарыста абыржи қоймайтындығы белгілі. Біздің ел де қаржысы бар мемлекеттердің қатарында. Әйтсе де, келер күннің тыныс-тіршілігін бүгін ойлауымыз қажет сияқты.