Қоғам • 21 Маусым, 2022
Қазақстанда жылына 80 мыңға жуық адам қан донорлығына мұқтаж. Бұл туралы елордада Дүниежүзілік қан доноры күніне арналған концертте «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Сәния Әбдірахманова айтты.
Қоғам • 21 Маусым, 2022
Шетелдегі қазақ балалары атажұртта демалады
Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің алаңында «Ана тілі әлемі» халықаралық тілдік лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Маусымның соңғы онкүндігінен бастап, шілденің ортасына дейін осы оқу орны қабырғасында ұйымдастырылған жазғы лагерьде Ресей Федерациясының Алтай, Татарстан Республикасы, Санкт-Петербург қаласы мен Орынбор, Ор, Саратов, Омбы, Челябі облыстарында тұратын қазақ отбасыларының балалары демалады.
Қоғам • 21 Маусым, 2022
Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында үлкен іс тындырып отырған мекеменің бірі – Талдықорғандағы Оқушылар сарайы. Мұнда 8 бағыт бойынша 44 үйірме жұмыс істейді. Ал онда 2 200 бала түрлі бағытта тәлім алады.
Қазақстан • 21 Маусым, 2022
Заман талабы мен үндескен заңнама
2022 жылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің әскери қызмет және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Қорғаныс министрлігі заңнамадағы кейбір кемшіліктерге талдау жүргізе отырып, оны жетілдіру бойынша жоспарлы жұмыс атқарған болатын. Алайда «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің құқықтарына қатысты нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізуден не өзгерді?» деген сұраққа жан-жақты жауап берілді ме?
Театр • 21 Маусым, 2022
Өңір театрларының өзіндік өрнектері
Әдетте, көрермен үлкен қалалардағы театр шығармашылығымен етене таныс. Ал өңірлердегі театрлардың тыныс-тіршілігі жергілікті халыққа ғана мәлім. Қара-шаңыраққа айналған театрлар ғана емес, еліміздің өнер кеңістігіндегі өңірлік театрлар да жыл сайын репертуарын толықтырып отырады. Осы орайда өңірлердегі өнер ұжымдарының биылғы шығармашылық жаңалықтарына шолу жасап көрдік.