Өндіріс • 19 Маусым, 2024
Тамақ өнеркәсібі тәп-тәуір деңгейде түлеп келеді. Әсіресе жылдам пісетін немесе арнайы пеште ысыта қоятын тамақ түрлеріне сұраныс көбейген. Қарбаласы көп қала тіршілігінде дайын өнімді көбірек тұтынатын тұрғын да көп. Дүкен сөресінде де жартылай дайын фабрикаттарға орын көбірек беріле бастағандай. Заманның осы үрдісін тап басып таныған технологиялық зауыт елорданың дәл іргесінде іске қосылды. Жартылай фабрикаттар шығаратын жобаны «IL-TOV» ЖШС іске асырған. Аталған зауыт біздің елден бөлек, Орталық Азиядағы жартылай фабрикаттар шығаратын алғашқы жоғары технологиялық зауыт болып отыр.
«Таза Қазақстан» • 19 Маусым, 2024
Арыс жағасындағы демалыс аймағы
«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Арыс өзені жанындағы 0,65 гектар аумаққа жеміс ағаштары отырғызылған болатын. Көктемде отырғызылған жеміс бауын «Жасыл Арыс» КММ-нің мамандары күтімге алған.
Аймақтар • 19 Маусым, 2024
Аядай ғана Тілектес аулындағы ескі мектептің мәселесі жұрт айтпаса, жабулы күйінде қала берер ме еді. Жергілікті шенеуніктер жауырды жаба тоқып, өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қамыстан салынған ғимаратты бастапқыда апатты жағдайда деп танығысы келмеді. Белсенді азаматтардың талап етуінің арқасында биыл сараптама қайта тағайындалып, мектептің әбден қаусап тұрғаны дәлелденді.
Білім • 19 Маусым, 2024
Биылғы оқу жылы қорытындысында Маңғыстау облысы бойынша жоғары балл жинаған оқушылар ата-аналары мен ұстаздарын қуанышқа бөледі. Әзірге өңір бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, ҰБТ-дан 140 балдың 137-сін жинаған түлек – Маңғыстау облысы Шетпе аулындағы Мекерия Атымов атындағы №6 мектептің 11-сынып оқушысы Нұрсәуле Жүсіп.
Қоғам • 19 Маусым, 2024
«Кітапты өртегеннен де ауыр қылмыс бар. Ол – кітап оқымау», дейді ағылшын жазушысы Рэй Брэдбери. Расымен бұрын да, қазір де, интеллектуалдық өрені көтеретін, мінезді берік қылатын – кітап қана, классикалық еңбектер ғана. Көзіқарақты адам бұл ақиқатты жоққа шығара алмайды. Осы мақсатта Павлодар облысының Баянауыл ауданында «Табиғат аясында кітап оқу» республикалық семинары өтті.