Қазақстан • 20 Маусым, 2022
Ұлытау туралы ойлау да, есту де, сөйлеу де жауапты болып тұрғаны қуантады. Ұлытау – тарих. Ұлытау – рәміз. Ұлытау – айна. Тарихтан елдігімізді байыптаймыз. Рәмізден салмақтанып, рухтанамыз. Айнадан өзімізді яки бүгінгі қоғамды көреміз.
Қазақстан • 20 Маусым, 2022
Ұлы даланы темір табан алып тракторлар тапап, тың игеру науқаны басталған жылдары мен ауыл мектебінің есігін ашып, «Әліппеге» үңілдім. Есептеп қарасам, біздің ана тілімізді жою саясаты басталғанына 70 жылға жуық уақыт өтті.
Ахмет Байтұрсынұлы • 20 Маусым, 2022
Сартүбектегі «Ахметтің үйі» көне жәдігер емес
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына дайындық шаралары аясында ұлт ұстазының Сартүбектегі үйін жаңартуға биыл 22 млн теңге қаржы бөлінген. Осылайша, тендер жарияланып, оны ұтып алған мердігер компания мамырда жұмысқа кірісіп кеткен-ді. Артынша жергілікті тұрғындар құрылысқа сапасыз материалдар пайдаланылып жатқаны туралы видео жариялады. Әлеуметтік желіде үлкен дау туғызған видеодан үйдің іргетасының жоққа тән екенін, қабырғаға қаланып жатқан кірпіштердің қолмен ұстаса үгітіліп кете беретінін көруге болады.
Экономика • 20 Маусым, 2022
Газ бағасы қайта қымбаттай ма?
Бір жылдан соң елде газ тапшылығы туындауы мүмкін. Соған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл түрде экспортқа кетіп жатқан газдың басын қайырып, ішкі нарыққа бағыттауды тапсырды.
Экономика • 20 Маусым, 2022
Жеміс және көкөніс шырыны бір жылда 16,6 пайызға қымбаттаған. Ал сектордағы өндіріс 2 пайызға қысқарыпты. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.