Медицина • 22 Маусым, 2021
Жетісуда жұқпалы індетпен күрес шарасы бәсеңдеген жоқ. Облыс – қазір короновирус инфекциясының таралуы бойынша «жасыл аймақ» санатында. Алайда бұл сақтық шарасын босаңсытуға болады деген сөз емес. Сол себептен де өңірде санитарлық талап әлі күшейген қалпында қалып отыр.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Дәрігерлерге ескерткіш орнатылды
Былтыр коронавирус жаңа басталған тұста бар салмақ дәрігерлерге түсіп, олар дерегі белгісіз дертпен күресте мыңдаған жанды ажалдан арашалап қалды. Эпидахуал өршіген кезде айлап үй бетін көрмей еңбек еткен медицина мамандарының арасында осы індет тырнағына ілініп, көз жұмғандар да бар.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Өңір «қызыл аймақтың» құрсауында тұрған кезде аудан тұрғындары бір-біріне қол ұшын созып, қамқор бола білді. Ел болған соң көмекті қажет ететіндердің де кездесіп жатуы әбден мүмкін. Бір жақсысы, олардың ешқайсысы қиындықпен жалғыз алысқан жоқ. Ежелден бірлігі бекем өңірде жан шуағының жылуы сезіліп тұрды. Әсіресе, жас толқынның жанашырлығы егде адамдардың сүйіспеншілігін тудырды.
Пікір • 22 Маусым, 2021
Қазақ қоғамында әкенің орнын «асқар тауға» балап жатамыз. Расында солай. Тіпті көнеден келе жатқан «әке көрген – оқ жонар» дейтін тәмсіліміз де бар. Осы тәмсіл-ұғымды тарқатар болсақ, оның тәрбиелік мазмұны тым тереңде. Айталық, ежелгі дәуірде «оқ жону» екінің бірінің қолынан келетін шаруа емес. Өйткені қисық оқ жауға дарымайды. Яғни «Тобыршықты биік жай салып, Дұшпан аттым өкінбен» деп, атақты Доспанбет жырау айтқандай, жонған оғың түзу болмаса дұшпаныңды жайрата алмайсың. Сол себепті, бағзы заманда әке ең әуелі баласына оқ жонуды үйрететін болған.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Күрмеуі қиын мәселе – күре жолда
Шыдамның да шегі бар. Жолаушылар Қалбатау – Көкпекті арасындағы уақытша түскен айналма жолды 15 күн ішінде жөндеп, 30-40 тонналық жүк көліктерін тоқтатуды талап етті. Егер белгіленген мерзім ішінде уақытша жол тегістелмесе, таксишілер жолды жабуға дайын екенін ескертті. Бұл – Омбы-Майқапшағай тасжолы бағытындағы Қалбатау мен Зайсан арасындағы реконструкцияланып жатқан жолдың бойы. Жолаушылар Байбура асуынан бастап, Қалбатауға дейінгі 60-70 шақырымды екі, екі жарым сағат жүреді екен. Жол құрылысына байланысты салынған айналма жолмен жүру қиямет-қайым деседі таксишілер.