Тұлға • 18 Маусым, 2024
Өткен ғасырда ұлт ғылымына орасан зор үлес қосқан тұлға – Қаныш Сәтбаев. Ғалымның азаматтық болмысы, ұлтына жасаған толағай еңбегі жыл сайын жаңаша өріс алып келеді. Жерінің асты мен үсті байлыққа толған байтақ мекеніміздің сан-салалы таланттарына, ғылым жолының өркен жаюына жол ашқан даңқты тұлғаның ғұмыры ірілікке толы.
Аймақтар • 18 Маусым, 2024
Өңірде денсаулық саласына инвестор тарту жұмыстары қолға алынып жатыр. Бұған дейін заманауи медициналық құрылғыларға инвестиция құйылған еді. Енді қаржыландырушы тараптың көмегімен онкологиялық орталық бой көтереді. Бұл іске «Kazakhmys Holding» инвестор-компаниясы тікелей жауапты болмақ.
Банк • 18 Маусым, 2024
Банк секторына жаңа қаржы институты қосылады деген хабардың тарағанына біраз болған. Президент бұған дейін үш банк келуі мүмкін дегенді айтты. Бірақ сарапшылардың ешбірі нақты қандай ұйымның қосылуы мүмкін екенін тап басып айта алмады. Одан кейін микроқаржы ұйымдары банкке айналуы мүмкін деген әңгіме арагідік сөз болып жүрді. Мұндайда «KMF» пен «Solva» ауызға ілігетін. Бірақ бұл болжамның бірі де орындалмады. Бірер күн бұрын білгеніміздей, кореялық микроқаржы ұйымы енді отандық нарықтағы жұмысын банк ретінде жалғастыратын болды.
Санкция • 18 Маусым, 2024
Қор биржасындағы жағдай: Қазақстанның қаржы секторына қалай әсер етеді?
Апта ортасында АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы («OFAC») «Мәскеу биржасына» (мұнда Қазақстан қор биржасының 13 пайыз пакеті бар) санкция салынғанын хабарлады. Сол күні түс ауа Ұлыбритания да «Мәскеу биржасына» қарсы санкция енгізгенін жария етті. Британ үкіметінің сайтында жарияланған құжатқа сәйкес санкцияларға Санкт-Петербург биржасы, Ұлттық клиринг орталығы (NCC) және Ұлттық есеп айырысу депозитарийі (NSD) де кірді.
«Таза Қазақстан» • 18 Маусым, 2024
Экомәдениетті қалыптастыру тетігі
Қарағанды облысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысып жатыр. Барлық қала мен ауданда тек сенбілік қана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын түрлі іс-шаралар әлі де ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, жақында Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде жастардың қатысуымен экологиялық квест өтті.