Әлем • 22 Маусым, 2021
Басқа басылымдардан: Дубайда алғашқы Израиль арнасы ашылды
Израильдің i24News телеарнасы Дубайдан өз кеңсесін ашатынын мәлімдеді. Осылайша, аталған арна араб елдерінде таралатын алғашқы израильдік арна атанып отыр.
Тәуелсіздік • 22 Маусым, 2021
«Мәңгілік Ел» идеясы – Алаш атауын, Қазақ елі мен мұратын айқындайды. Оның ақи - қатын, тарихымызға қатысын Тұңғыш Прези дентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назар баев Қа зақстан халқына арналған «Қазақ стан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: «...Біз үшін бо лашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыс тырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы», деп атап көрсетті. Осы орайда, Орхон өңіріндегі Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесін жапон мамандары дайындап, кейінгі кезекте Еуразия ұлттық университетінде – «Байырғы түркі өркениеті – жазба ескерткіштер» деген тақырыпта Халықаралық конференция өтуі ( 2001, 18 мамыр), «Жазу тарихы мұражайы» ашылуы (2003) – Түркі әлеміндегі айрықша құбылыс, ұлт руханиятының алтын арқауы, асыл өзегі, кең өрісі болды. Демек, мұның өзі ата тарих мәнін, дәстүр жалғастығын, өмір тағылымын терең танытады. Ұлт мұраты мен тарихының тағылымды тұстарының бірі осы.
Саясат • 22 Маусым, 2021
Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне 2020-2022 жылдары төрағалық етуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласында онлайн-форматта АӨСШК Жастар кеңесінің IV отырысы өтті. Отырысқа АӨСШК мүше-мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Саясат • 22 Маусым, 2021
Кеше Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтті. Жиын барысында 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есебі бекітілді.
Экономика • 22 Маусым, 2021
«Қазақстанның даму банкі» АҚ бастапқы алтынды кен өңдеу кешенін салу және пайдалану жобасын қаржыландырмақ. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 5 млн тонна кенді құрайды, дайын өнімді құрамында 88% алтыны бар Доре қорытпасы құймалары түрінде шығару жоспарлануда. Құрылысқа жұмсалатын шығынның жалпы көлемі – 425 млн доллар. ҚДБ 9 жыл мерзімге 300 млн долларға дейінгі сомаға қарыз берді. 125 млн доллар сомасындағы қажетті инвестициялардың қалған көлемін RG Processing ЖШС өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.