Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Жамбыл облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Әкім кездесуде өңірдің 2021 жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асу барысына тоқталды. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы және Үкіметтің қолдауымен өңірде негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсіміне қол жеткізіліп отырғанын да айтты.
Экономика • 22 Маусым, 2021
Ілкіден қалған, төрт түліктің бағасын білетін арыдағы жұрттың «етті жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіреді» дейтін тәмсілі бар еді. Айтқандары шындыққа айналды. Қазір Көкшетаудағы орталық базарда жылқы етінің килосы үш мың теңгеден сатылуда. Екі елі қазы байлаған ту биеге 800 мың теңге сұрап тұр.
Таным • 22 Маусым, 2021
Неміс-фашистерінің Кеңес Одағына тұтқиылдаған шабуылдаған соғыстың басталғанына 80 жыл толып отыр. Осы орайда жиырма жыл бұрын баршаға таныс тұлға Герольд Бельгермен болған кездесу есіме түседі. Дәл 9 мамыр Жеңіс күніне орай репортаж жүргізу үшін 28 панфиловшылар саябағына бардым. Онда адам көп екен, ел ығы-жығы.
Таным • 22 Маусым, 2021
«Күркіреп күндей өтті ғой соғыс...»
Осыдан тура 80 жыл бұрын, яғни 22 маусым күні, жобамен таңғы 4-тің шамасында фашистік Герман әскерінің мылтығы ұңғысының ұшынан бір суық оқ ұшып шыққан еді... Әрине, қып-қызыл жалынға орана зырғыған оқтың суық болуы әсте мүмкін емес. Бірақ оның суықтығы, сол сәттегі әлгі оқты атуға пәрмен берген дұшпан пиғылында, мамыражай жатқан бейбіт халықтың тыныштығын бұзып ұшқан ащы да аждаһа дауысында еді...
Театр • 22 Маусым, 2021
Кукart фестивалінде өнер көрсетеді
Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры бүгінде бірнеше буын жастарды тәрбиелеп, балдырғандардың жан-жақты азамат болып қалыптасуына өз үлесін қосып келеді. 86 жылдық тарихы бар театр таяқ қуыршақтан бастап, заман ағымына сай күрделі марионеткалар, соңғы үлгідегі техникалық-лазерлі көркемдеулермен өнер көрсетіп жүр. Театр ұжымы маусым айының 7-13 күндері аралығында Татарстан Республикасы, Қазан қаласында өткен «Науруз» түркі халықтарының фестивалінде «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай» (реж.: А.Зайцев) спектаклімен онлайн форматта бақ сынады.