Қоғам • 21 Маусым, 2021
Ел ішінде «екі қолға бір күрек таба алмай отырмыз» деген желеу жиі айтылады. Шынымен әркім ырзығын табатын жұмыс орны жоқ па? Осы тақырыпты қаузап зерделегенімізде, облыста 4 мыңнан астам, ал облыс орталығының өзінде 1 мыңнан астам жұмыс орнының бос тұрғандығын білдік. Демек жұмыс көп, жоғы – ынта мен ықылас.
Тарих • 21 Маусым, 2021
Туған бауырындай көріп, батырлығына тәнті болған Рақымжан Қошқарбаевты батыр ағасы Бауыржан Момышұлы аса құрметтеп өтті. Кезінде атақты Баукең «Ақиқат елу жыл кешігіп жүреді» деген екен. Қаһарман батыр айтпақшы, ақыры шындық жеңді. Ресейдің ресми билігі Рақымжан Қошқарбаевты биылғы Жеңіс күні қарсаңында мойындады.
Тарих • 21 Маусым, 2021
Тағдырдан аяусыз соққы көрсе де, Алаш арманын аялап, Алаш аманатына адал болып, ұлты үшін жанкешті жұмыс жасаған жандар ғұмыр жеткенше үздіксіз жаза беретін тақырып. Бүгінгі әңгіме Ахмет Қуанұлы Жұбанов туралы.
Экология • 21 Маусым, 2021
Сапалы ауыз суға қашан қол жетеді?
Төрткүл дүниенің қай бұрышына зер салсақ та, ауызсу тапшылығы артып, қиындықтар туындап отырғанын байқау қиын емес. БҰҰ деректеріне сүйенсек, әлем тұрғындарының 70 пайызы – суға зәру. 2,5 миллиард адам шөлін басып, таза су іше алмай отыр. Өндіріс орындарының көбеюіне байланысты тіршілік нәрін пайдалану көлемі тіпті өсе түспек. Сарапшылар алдағы бес жылда Орталық Азияда су үшін тартыстың өршитінін алға тартады. Оның ақыры су дағдарысына соқтыру мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Коронавирус • 21 Маусым, 2021
Батпандап кірген індет әсер етпеген сала кемде-кем. Дегенмен локдаун салдарынан ресторан индустриясы үлкен шығынға тап келді. Жақында жарияланған Испания экономистерінің зерттеуі бұл тұжырымды дәлелдеп бергендей.