Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Семейде сатылған жер теліміне байланысты тұрғындар наразылық білдіруде
Семейдегі Мұхтар Әуезов даңғылы мен Победа көшесінің қиылысында орналасқан көппәтерлі үйдің алдындағы жер телімін жергілікті кәсіпкер Анар Байкенова жаңа ғимарат салу үшін сатып алыпты. Сатып алу заң бойынша жүргізілді ме, әлде қандай да бір қайшылық бар ма, ол жағын қазір сот орындары анықтап жатыр.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Кенжеболат Жолдыбай, саясаттанушы: Цифрландыруға кедергі келтіретін қиындықтар баршылық
Атақты «Шахнама» дастанын 35 жыл жазған әйгілі Шығыс ақыны Әбілқасым Фирдоусидің: «Алдыңда не күтіп тұр, соны ойла. Игі мақсатқа тура жүрген жетеді», деген ғибратты сөзі бар. Мұның өзі қандай да бір іс-әрекетке кірісе отырып, біз дұрыс бағытпен жүріп келеміз бе әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан ілгері оздық па әлде шабандап қалып келеміз бе – ұдайы таразылап отыру үшін қажет.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Сахнаны жалаңаштанудан қалай қорғаймыз?
Қазір әлеуметтік желілерді, сайттарды, әртістердің жеке парақшаларын ашып қараңыз, шалқаңыздан түсе жаздайсыз. Ар-ұяттан жұрдай танымал жұлдыздарымыздың ашық-шашық суреттері биттей өріп жүр. Міне, әйгілі әншіміз Айдана Меденованың Араб Әмірліктеріндегі бал күндері. Әне, Мақпал Исабекованың шетелдегі шаттыққа толы сәттері. Ерке Есмахан, Кәмшат Жолдыбаеваның жарқ-жұрқ еткен «ғажап» суреттеріне қарап, тіпті, «сүйсінесіз». «Қалаулым» бағдарламасында қонақта болған осы Кәмшат Жолдыбаеваның екі қызбен бірге билегенін көріп, тіпті таң-тамаша қалдық. Ал «Джейран» тобының әншісі Алтынай Жолдыбаеваның «стилі» тіптен бөлек. «Кешью» тобы да сахнаға жартылай жалаңаш шыққанды хош көретін сыңайлы. Бір тамсандырары, «мінсіз мүсіндерімен» жұртты қызықтырып қойғысы келетіндер қатары тіптен көп.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
Диабетке шалдыққандар – «Нұр Отан» назарында
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қант диабетіне шалдыққан балалардың ата-аналарымен, қоғамдық ұйым өкілдері мен денсаулық сақтау мамандарымен кездесу өткізді.
Қазақстан • 13 Маусым, 2018
2500 жылдан астам тарихы бар латын әліпбиінің қазақ тарихындағы қолданысы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жазу тарихы» мұражайына (2003) бас сұғып, төңірекке жіті көз жіберсек, түбі бір түркі жұрты қолданған – 16 жазу үлгісін аңғарар едік (мысалы, Арамей, Байырғы түркі, Брахми, Соғды, Ұйғыр, Манихей, Қидан, Қытай, Сириялық әліпби, Армян, Моңғол, Тод, Төте жазу (А.Байтұрсынұлы үлгісі), Латын, Кирилл). Әрбірінің белгі, ерекшеліктері танылып, жазу-сызу өнерінің даму жолынан түркілік мәдениет, әліпби мәні, ұнамды үлгі, үрдістері кеңінен көрініс береді. Бұған қарап, ақын айтқандай: «...Тарих қызықтырады, тарих беттері қызығушылық тудырады»