Қазақстан • 19 Маусым, 2022
Ұлытауда ел егемендігі мен тәуелсіздігінің тұғырын жаңаша биіктету мақсатымен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы өтті. Ауқымды жиыннан жұрттың күткені де аз емес еді. «Жаңа Қазақстанды қалай құрамыз?» деген жалпыелдік сұраққа Мемлекет басшысы түпкілікті саяси мақсат пен міндеттердің стратегиялық бағыт-бағдарын тереңінен қозғап, жан-жақты жауап берді.
Әдебиет • 19 Маусым, 2022
Ұлттың жаны да, жады да – әдебиет
Жасыратын несі бар, «Қазақ қаламгері қашан Нобель алады?», «Ұлттық әдебиетіміздің қазіргі деңгейі қандай?», «Қазақша аударманың халі нешік?» деген сұрақтар көбіміздің көкейімізде жүргені рас. Қазақ зиялыларының ықпалы қашан артады, олар ұлт санасына, қоғам ойына қалай әсер етеді деп те жиі ойлайтынымыз анық. Әрине, бұл сауалдарды әр қырынан қарастырып, оған түрлі жауап іздей беруге болады. Кейбір сұраққа жауап табармыз, кей тұста үнсіз қалуымыз мүмкін. Бірақ бір айнымас дүние бар – біздің ұлтымыз жалғыз, зиялыларымыз санаулы-ақ. Сол үшін ұлтымызды ұлықтап, зиялыларымызды алақанға салып, құрмет тұтуға тиіспіз.
Өнер • 19 Маусым, 2022
Би музыкада жатқан барлық құпияны ашады. Шарль Бодлер айтқан осы сөзге, біз тағы оймақтай ой қосқымыз келіп отырғаны. Адамның әрбір қозғалысында өмір ырғағының элементтері бар, ол тіпті өзінің кім екенінен де хабар береді. Әрбірден соң бисіз революция жасаудың қажеті жоқ. Сондықтан Жаңа Қазақстанға жаңа би, жаңа қозғалыс ауадай қажет. Мәселен, латынамерикалықтар ламбададан сол рухты тапты. Ал философ Габриелла Роттың айтуынша, біз өзімізді толығымен би рухына берсек, ол дұғаға айналады. Бірақ қазақтың оны мойындай қоюы қиын.
Өнер • 19 Маусым, 2022
Маргарет Киннің «Үлкен көздері»
Сіз риясыз ойдың, төзімнің туындыларына көзіңізді алмай бір минут қарасаңыз, демаласыз, сосын, ұзақ қиялдарға шомасыз. Адамзат қоғамы бастан кешкен, тарих толқыны бізге жеткізген әртүрлі оқиға, ұлы жетістік, күн сәулесі, түннің түсі бәрі-бәрі көз алдыңызға елестейді. «Егер шындық біреу болғанда, мен бір тақырып төңірегінде жүздеген сурет сала алмас едім» деген Пикассоның сөзі бұл саф өнердің құдіретін айтып тұр.
Қоғам • 19 Маусым, 2022
Журналистер мен жас еріктілер балалар үйінің тәрбиеленушілерін қуантты
Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары 10 жылдан бері қоғамға қызмет ететін әлеуметтік жобаларды белсенді түрде жүзеге асырып келеді екен. Яғни бұл мектепте жыл бойы қоғамға қызмет ететін әлеуметтік жобалар реті түрлі игі іс-шаралар түрінде жүзеге асырылады. Олардың қатарында «Мектепке жол», «Досыңа кітап сыйла», «Ардагерді құттықта» сияқты іс-шаралар өте танымал.