Қазақстан • 12 Маусым, 2018
«Атамекен» ҰКП отандық бизнесті қолдау мен қорғау ісін жүйелі түрде жүргізіп келеді
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнесті қолдау мен қорғау ісін жүйелі түрде жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде ел кәсіпкерлерінің меншік құқығы лайықты түрде қорғалу үстінде. Оның жалпы сомасы 100 миллиард теңгеге жуықтайды. Бұл күші жойылған айыппұлдар мен өсімпұлдар, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерге қайтарып берген қаражаттары және қорғалған бизнестің құны болып табылады. Сондай-ақ соңғы кездері «Атамекеннің» қозғау салуымен нормативтік-құқықтық актілер мен заң жобаларына жүргізілген сараптамалар да оң нәтижеге жол ашты.
Қазақстан • 12 Маусым, 2018
Жерінің қасиетін ұққан жетесіз болмайды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан бастау алатын «Туған жер» жобасы аясында республикалық өлкетану акциясы өз жұмысын бастады. Тұңғыш рет қолға алынып отырған акция шеңберінде Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстары мектептерінің оқушылары үш күн бойы Ақмола облысының киелі жерлерін аралап, өлкенің өңін келтіретін қасиетті мекендерді көздерімен көріп, балғын көңілдеріне көрікті ой түймек.
Қазақстан • 12 Маусым, 2018
Білімді жұрт биік белесті бағындырады
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы іргелі істерге қозғау салды. Ұлттың қайнар бұлағынан бастау алатын ұлттық дәстүрлерімізді ардақтауға, тарихи тұлғаларымызды, қасиетті жерлерімізді қастерлеуге, туған жердің қадір-қасиетін бағамдауға кеңінен жол ашты.
Қазақстан • 12 Маусым, 2018
Астанада «Тіл-Қазына» орталығының ұйымдастыруымен конференция өтті
Кеше елордада Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен «Қазақ жазуының тарихы және латын әліпбиіне көшудің ғылыми-тәжірибелік негіздері» атты республикалық конференция болып өтті.
Аймақтар • 12 Маусым, 2018
Цифрлы сауаттылық – маңызды өлшем
Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етудің, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың қажеттілігін атап көрсеткен болатын.