Коронавирус • 19 Маусым, 2020
Қазақстанда өткен тәулікте тағы 474 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте 474 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, - деп жазады Egemen.kz
Руханият • 19 Маусым, 2020
Волонтер деген бір ұйым бар...
Елімізде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланғаннан кейін қарттарға, жалғызбасты аналарға, мұқтаж отбасыларға көмек беруге топтасқан волонтерлер қарасы көп болды. 6 жыл бойы еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастарды игі іске жұмылдырып келген «Қазақстанның волонтерлер лигасы» қоғамдық қоры да қиын-қыстау кезеңде қайырымды іске араласамын деген азаматтардың басын қосып, елге қызмет еткендердің қатарынан көрінді.
Руханият • 19 Маусым, 2020
Елімізде төтенше жағдай режімі енгізілгеннен кейін волонтерлер жұмысына да сұраныс артқаны белгілі. Волонтерлердің аймақтық фронт-офисінде Шығыс Қазақстанның 19 қаласы мен ауданынан мыңнан астам белсендіден тұратын еріктілер базасы құрылған.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Волонтер жылында ерекше серпін алған істің бірі еліміздің жастар саясатын дамыту бағытындағы жұмыс болса керек. Әсіресе өңірлерде жұмыс жүйеленіп, жастар арасындағы қозғалыс қалыпқа түсіп жатыр. Мысалы, Алматы облысындағы жаңа буын ұрпақты қолдауға арналған шаралар жақсы нәтиже көрсетуде.
Таным • 19 Маусым, 2020
Суретшінің ырқына салсаң, ішкі және сыртқы әлемнің түйісер көкжиегінде бір ғана күй бардай. Көз қарықтырар алып күннен тараған көңіл күй, сезім, ақыл-ойдың алтын шұғыласы төңіректі, көз жетер маңайды түгел шарпып, даланың қойны қонышын толтырған. Бірде өрттей қаулап, қызыл жалынымен баурап алса, бірде тымық кештің сыбдырына еріксіз құлақ түргізеді.